«Астана ақшамы» газетінің 2015 жылғы 31 қаңтардағы № 11 (3216) санында жарияланған

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының2014 жылғы қызметінің қорытындысы шығарылды

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен 2014 жылға бекітілген жылдық жұмыс жоспарының шеңберінде қаланың ағымдағы қамсыздандырылуына және дамуына бөлінген бюджет қаражаттарының пайдаланылу тиімділігін бағалаумен байланысты едәуір жұмыс атқарылды.

2014 жылы барлығы 21 бақылау іс-шарасы жүргізілді, оның ішінде тиімділікті бақылау бойынша — 18 іс-шара (85,7%), сәйкестікке бақылау жасау және қаржылық есептілікті бақылау бойынша — 3 іс-шара (14,3%).

Бақылауға барлығы 42 мемлекеттік мекеме және басқа да меншік түріндегі 24 ұйымдар мен кәсіпорындар тартылды. Бақылаумен қамтылған бюджет қаражаттарының жалпы көлемі 151,5 млрд. теңгені құрап, 2013 жылдың көрсеткішіне сәйкес келеді.

Бақылаумен қамтылған қаражаттардың жалпы көлемінен 36,0 млрд. теңге сомадағы қаражат республикалық бюджеттің қаражаттарына (23,8%), 115,5 млрд. теңге — жергілікті бюджет қаражаттарына (76,2%) жатады.

Есепті жылдың қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтардың көлемі 28,4 млрд. теңгені немесе бақылаумен қамтылған бюджет қаражаттары көлемінен 18,8%-ды құрады, оның ішінде 97,4% бұзушылықтар бюджет қаражаттарын жұмсау кезінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамалары рәсімдерін сақтамау, 2,6% бұзушылықтар мемлекет активтерін пайдалану және мемлекеттік сатып алулар жүргізу кезінде жіберілген.

Анықталған бұзушылықтар мемлекеттік органдарға да, сондай-ақ бюджет қаражаттарын алушылар болып табылатын бақылау объектілеріне де тән.

Қалпына келтіруге және бюджетке өтеуге жататын қаржылық бұзушылықтардың көлемі 3,2 млрд. теңгені, яғни барлық бұзушылықтардың 11,3%-ын құрады, оның ішінде 2,8 млрд. теңге немесе 87,5% бұзушылықтар қазіргі уақытта қалпына келтірілген немесе бюджетке өтелген.

Алдыңғы жылдардағыдай, Тексеру комиссиясымен бөлінген бюджет қаражаттарының пайдаланылу тиімділігі, стратегиялық бағдарламалық құжаттардың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу, сондай-ақ Астана қаласының коммуналдық меншік активтерінің пайдаланылу тиімділігі мәселелеріне аса көңіл бөлінді.

Анықталған қаржылық бұзушылықтар құрамында бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама нормаларын мемлекеттік мекемелерде, сонымен бірге квазимемлекеттік секторда да жүйелі бұзушылықтары атап өтіледі. Мемлекеттік органдармен бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесінің нормаларын сақтамау, мезгілсіз, сапасыз немесе анығы жетілмеген орындалған жұмыстарға төлеу орын алып отыр.

Бұдан басқа, жекелеген бақылау объектілерінде келісімшарттардың техникалық спецификациясына сәйкес келмейтін орындалған жұмыстар анықталды.

Сонымен бірге, бюджет есебінен салынған нысандардың коммуналдық меншікке уақтылы берілмейтіні байқалады.

Мысалға, 2014 жылы Коммуналдық шаруашылық басқармасымен 2013 жылы аяқталған 5 жоба бойынша нысандардың, ал Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен тапсырылған және пайдаланымдағы 21 көшенің коммуналдық меншікке берілмегендігі Тексеру комиссиясымен анықталды.

Осыған ұқсас аяқталған, алайда коммуналдық меншікке берілмеген нысандар алдыңғы жылдарда да анықталған болатын.

Жыл бойы барлық бақылау іс-шараларының қорытындылары елорда мәслихатының тұрақты комиссияларына жолданып, бақылау объектілерінің бірінші басшыларын шақырумен отырыстарда қарастырылды.

Сонымен қатар, бақылау объектілерімен Тексеру комиссиясы қаулыларын орындауының төмен деңгейін атап өтеміз.

Нәтижесінде, 2014 жылы Тексеру комиссиясының шешімдерін уақтылы және сапалы орындамағаны үшін елорданың жекелеген мемлекеттік органдарының бірінші басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өткен жылдың нәтижесі бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол берген 5 заңды тұлға және 18 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 59 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 1 лауазымды тұлға жұмыстан босатылды. Бюджет кірісіне төленген әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 4,2 млн. теңгені құрады.

Процессуалдық шешімдер қабылдау үшін анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша 11 бақылау материалы құқық қорғау органдарына жолданды.

Жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша барлық мүдделі жақтардың қатысуымен Тексеру комиссиясының 20 отырысы және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен 1 бірлескен отырыс өткізіліп, анықталған бұзушылықтарға алдағы уақыттарда жол бермеу талқыланып, тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар орындау үшін берілді.

 

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы