«Астана ақшамы» газетінің 2015 жылғы 7 мамырдағы № 48 (3253) санында жарияланған

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2015 жылғы 1-тоқсандағы қызметінің қысқаша қорытындысы

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы бекітілген жоспарға сәйкес, 2015 жылдың 1 тоқсанында 56,4 млрд. теңге сомада бақылаумен қамтылған қаражат көлемімен 14 бақылау обьектісінде 7 бақылау іс-шарасын жүргізді.

Бақылаумен мемлекеттік ұйымдармен қатар квазимемлекеттік секторлар да қамтылды.

Тексерулердің дүркінділігін азайту мақсатында кейбір бақылау объектілеріндегі тексерулер Астана қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясымен бірге жүргізілді, бұл бақылау сұрақтарын толығымен қамтуды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Сонымен, Тексеру комиссиясымен елорданы санитарлық тазалау және абаттандыруға «Алматы», «Сарыарқа» аудандарына аудан әкімдері аппараттарына бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне бағалау жүргізілді.

Жауапты мемлекеттік органдармен жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан Астана қаласында абаттандыру санитарлық жабдықтау, тазалау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету Ережелері мен Астана қаласындағы жас көшеттерді күтiп ұстау мен қорғау Ережелерінің жекелеген нормалары жүзеге асырылмай отыр.

Абаттандыру обьектілерінің, оның ішінде жас көшеттердің қажетті техникалық (жобалық) құжаттарының тиісінше есебі жоқ.

Саябақтар мен гүлзарларды, көшелерді төлқұжаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілмеген.

Астана қаласындағы Балалар үйінің қызметіне талдау жүргізу барысында балалар үйлеріндегі балалар санының азаю үрдісі байқалады, мұнда балалардың өмір сүруіне, оларды оқытуға, тәрбиелеуге тұрғын үй орындарын беруде барлық жағдай жасалған.

Сонымен бірге қолданыстағы заңнаманың жетілмегендігінен және түрлі уәкілетті органдардың іс-қимылдарында келісімділіктің болмауынан жетім-балалардың құқықтық мәртебесін анықтау мерзімдері мен тәртібін реттейтін рәсім ұзаққа созылуда, атап айтқанда 6 айдан 2 жылға дейін.

Нәтижесінде балалардың міндетті мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктерді өз уақтысында ала алмауына осы жағдай әсерін тигізеді.

Үстіміздегі жылдың өткен тоқсанында Тексеру комиссиясы қаладағы театрлардың қызметіне бақылау жүргізді.

Театрлар өз репертуарларын жақсартқанымен бұл көрермендер санының артуына ықпалын тигізбеген.

Театрлардың сыртқа гастрольдерге шығуы бюджет шығындарын ұлғайтады, ал түсімдері шығындардан едәуір төмен.

Бұрынғы жылдардағыдай театрлар қызметін қаржыландырудың негізгі көзі - бұл бюджеттік субсидиялар, ол қала театрларының 80% астам шығындарын өтеуде.

Осыған қарамастан, мемлекет активтерін пайдалану кезінде, мемлекеттік сатып алулар заңнамасы талаптарын және еңбекті төлеу қорын жоспарлауда жүйелі бұзушылықтар орын алуда.

Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасына жоспарлы бақылау жүргізу барысында астана аумағының егжей-тегжейлі бекітілген жоспарын түзету бойынша шешім қабылдауда Басқарманың іс-қимылында келісімділіктің болмағаны анықталды.

Одан басқа, жобалау ұйымдары аудандарды егжей-тегжейлі жоспарлауды әзірлегенде бекітілген мерзімдерді сақтамайды.

Осы және өзге де факторлар бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мерзімдеріне кері әсерін тигізеді, кейбір жағдайда жобалардың жобалық-сметалық құжаттарын түзету бойынша жұмыстарына қосымша бюджет шығындарына әкеліп соқтырады.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметін талдау барысында азаматтардың кейбір топтарына әлеуметтік көмек беру жағында азаматтардан қабылданатын өтініштерден бастап, атаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша үрдістерді автоматтандыру және жетілдіре түсу қажеттілігімен байланысты жүйелі мәселелердің бар екендігін көрсетті.

Сонымен, әлі күнге дейін Басқарма жұмысында өтініштерді тіркеуде қағаз журналдар қолданылуда, ал «Е-собес» жүйесі қызметтік талаптарына сәйкес толық көлемде бағдарламаны қолдануға мүмкіндік жоқ.

Уәкілетті орган тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларын жүргізгенде, яғни жұмыссыз азаматты жолдамамен оқуға жібергенде, оның білім деңгейі, кәсіби біліктілігі, ол мамандықтың еңбек нарығындағы сұраныс деңгейін есепке алмай жүзеге асырып отырған.

Нәтижесінде, 2014 жылы біліктілікті арттыру, қайта даярлау, кәсіби даярлықтан өткен жұмыссыздардың жалпы санынан 15,7 пайызы ғана жұмысқа орналасқан.

Сонымен бірге, бұл мақсаттарға жыл сайын едәуір бюджет қаражаты бөлінеді.

Есепті кезеңде Тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған және Қазақстан Республикасында құқық бұзушылық профилактикасының 2011-2013 жылдарға арналған бағдарламаларының жүзеге асырылуына талдау жүргізді.

Қолданылып отырған шаралардың қылмыс және құқық бұзушылықтың деңгейінің төмендеуіне жеткілікті түрде әсер етпей отырғандығын көші-қон ағымының өсуі және өзге де үрдістерге байланысты тіркелген қылмыстар санының өсіп отырғандығын бақылау қорытындылары көрсетті.

Өз кезегінде, есірткіні қолданатын адамдар санының төмендеуі, есірткіге байланысты қылмыстардың азаюы байқалады.

Дегенмен, бағдарламалық құжаттардың іс-шараларын жүзеге асыруда тиісті мониторингтің болмауы салдарынан көрсетілген бағдарламалардың тармақтарын орындау бойынша есептілікке жауапты мемлекеттік органдардың көрсетілген бағдарламалар тармақтарын орындау бойынша есептілікті ұсынбауы анықталды.

Осылайша, Тексеру комиссиясының бақылау қорытындылары бойынша 9,4 млрд. теңге бұзушылық анықталды, оның 2,0 млрд. теңгесі бюджеттік заңнаманы бұзу нәтижесінде жіберілген.

Бүгінгі күнде бақылау нысандарымен 1,4 млрд. теңге бюджетке қайтарылды немесе орнына келтірілді.

Заңнама нормаларын сақтамағаны үшін 30-дан астам лауазымдық тұлға әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылды.

Жекелей бақылау іс-шараларының қорытындылары қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары отырыстарында қарастырылды.

 

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы