«Астана ақшамы» газетінің 2015 жылғы 03 қыркүйектегі №97 (3302) санында жарияланған
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2015 жылғы 8 айдағы қызметінің қысқаша қорытындысы
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы бекітілген жоспарға сәйкес, 2015 жылғы 8 айда барлығы 23 бақылау іс-шарасын жүргізді, бақылаумен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 136,8 млрд. теңгені құрап, оның ішінде 8,9 % қаражат Астана қаласын дамыту мақсатына бағытталған қаражаттарға (12,2 млрд. теңге) жатады.
Бұл ретте, анықталған қаржылық бұзушылықтардың және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың көлемі 43,3 млрд. теңгені құрады, мұнан басқа 2,8 млрд. теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған.
Өткізілген бақылау іс-шаралары елорда әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру тиімділігін бағалауға, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне бағытталған.
Бақылау-талдамалық іс-шаралардың қорытындылары бақылау объектілерінің қызметінде жекелеген жүйелі кемшіліктердің барын көрсетті.
Сонымен, Астана қаласында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен жетекшілік ететін салалары бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жүйелі түрде жоспарлау тиісінше деңгейде жүзеге асырылмайды.
Бюджет қаражаты көптеген обьектілерде ысырап болған, ағымдық қаржылық жылда жекелей жобаларды іске асыру тоқтатылып, инвестициялық жобалардың тізіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, әкімшінің шешімімен бюджет қаражаты қайта бөлініп отырылған.
Нәтижесінде елорданың үш жылдық бюджетінде бекітілген басым бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша қабылданған шешімдерде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірізділік принципі қамтамасыз етілмеген.
Жергілікті атқарушы органның резерв қаражатын пайдаланудың қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкестігін бақылауда анықталғаны жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген қаражатты пайдалануда қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын бұзушылықтар орын алған.
2013 жылы 58,9 млрд. теңгеге, 2014 жылы 46,3 млрд. теңгеге дейін дебиторлық берешектің төмендеуі бойынша жақсы үрдіс байқалады.
Сонымен бірге, елдегі жалпы экономикалық жағдайды есепке алғанда 2014 жылы кредиторлық берешек сомасы 2013 жылмен салыстырғанда 4,1 млрд. теңгеге ұлғайып, 6,9 млрд. теңгені құрады.
Ағымдағы жылдың бірінші жартылдығында Тексеру комиссиясымен елорда әкімдігінің бірқатар құрылымдық бөлімшелерінің салалық бағдарламаларды жүзеге асыру тиімділігіне бағалау жүргізілді.
Сонымен, Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында құқық бұзушылық профилактикасының 2011-2013 жылдарға арналған, Астана қаласында Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған бағдарламалары бойынша іс-шараларының орындалуының аралық қорытындылары қарастырылды.
Елордада жоғарыда жазылған салалық бағдарламаларды іске асырудағы басты мәселеге түрлі мемлекеттік органдардың іс-қимылында үйлесімділіктің болмауы, соңғы нәтижелердің көрсеткіштерінің жоқ болуы, жауапты орындаушыларға арналған орындалу мерзімдерінің, ал кейбір жағдайларда жоспарланған іс-шараларға қаржыландыру көлемінің болмауы жатады.
Нұсқалғандар жүзеге асырудың тиісінше мониторингінің жоқтығына іс-шаралар жоспарын тұтастай алғанда, және сонымен бірге жоспарланған іс-шараларды орындамауға немесе толықтай орындамауға алып келеді.
Өз кезегінде кейбір мемлекеттік органдарға олардың құзіреттілігіне жатпайтын іс-шаралар бекітілген. Көптеген іс-шаралар бойынша іске асыру механизмдері мүлдем жоқ немесе тыңғылықты емес.
Мұнан өзге, ағымдағы жылда Тексеру комиссиясымен елорда әкімдігінің бірқатар құрылымдық бөлімшелері және оларға ведомствалық бағынысты ұйымдарға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне бақылау іс-шаралары жүргізілді.
Жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындылары кейбір мемлекеттік органдар мен оларға ведомствалық бағынысты ұйымдарда бухгалтерлік есеп пен есептілік жүргізуде жүйелі бұзушылықтардың бар екендігін көрсетті.
Меншіктің барлық түрлері бойынша ведомствалық бағынысты ұйымдардың даму жоспарларын бекіткенде уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан жоспарланған және қол жеткізілген көрсеткіштерге бақылау жоқ, сонымен бірге алдыңғы жылдардың көрсеткіштері есепке алынбайды.
Нәтижесінде теріс қаржылық көрсеткіштерде, пайда алудың нақты көздерін есепке алмағанда, даму жоспарларында жыл сайын квазимемлекеттік сектор субъектілерінде шығындық бағыт ұлғаяды, бұл Бюджет кодексінде белгіленген мемлекет активтерін пайдаланудың негізділік және тиімділік принциптерінің бұзылуына әкеледі.
Бүгінгі күнде бақылау объектілерімен жазылған соманың бюджетке қалпына келтірілгені/өтелгені 13 млрд. теңгеден артық.
Заңнама нормаларының бұзылуына жол берген 78 лауазымдық тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Өз кезегінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен мүдделі ұйымдар мен ведомстваларға барлық өзекті мәселелер мен анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.