«Астана ақшамы» газетінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі №105 (3310) санында жарияланған
Әлеуметтік саласындағы қызметкерлер үшін семинар өткізілді
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде «Астана қаласының әлеуметтік саласындағы нысандардың қызметіндегі кемшіліктер» тақырыбындағы астаналық мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт ұйымдарының бірінші басшылары мен қаржылық қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске Астана қаласы мәслихатының хатшысы С. С. Есілов, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу басқармаларының басшылары, Астана қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының басшысы қатысты.
Көтерілген тақырыптың өзектілігі, астаналық бюджетте әлеуметтік саладағы нысандарды ағымдағы қамтамасыз етуге арналған шығындардың жыл сайын орта есеппен 14% өсетіндігімен байланысты болып отыр.
Семинар-кеңес жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануда тиімділікті жоғарылату, сонымен бірге, туындайтын мәселелерді жою бойынша Тексеру комиссиясының ұсынымдарын қолдану айрықша назарға алынды.
Тексеру комиссиясы тарапынан қалалық мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт ұйымдары қызметіндегі көбінесе орын алатын жүйелі түрдегі бұзушылықтары мен кемшіліктері, көп жағдайларда бюджетті жоспарлау мен оларды игеру кезінде жіберілетін қарапайым қателіктер, сонымен бірге кадрлардың жиі ауысуы және жекелеген қаржылық қызметкерлердің төмен біліктілігі айтылды.
Одан басқа, Қазақстанның 2011 жылдан бастап қаржылық есептіліктің Халықаралық стандарттарына көшуіне байланысты бақылау объектілері тарапынан бухгалтерлік есептіліктің ерекшеліктеріне қатысты сұрақтар қойылды…
Семинар-кеңесте квазимемлекеттік сектордың қаржылық есептілікті дайындау барысында халықаралық қолданылатын стандарттарды түсіндіру үшін Назарбаев университетінің аға аудиторы — Қазақстан Республикасының ішкі аудиторлар институтының директоры Л. Жұманқұлова шақырылды, ол өз кезегінде мекемелердің Даму жоспарларын дайындаудың ерекшеліктері, Даму жоспарларының көсеткіштеріне кол жеткізбеген жағдайда жауапкершілік қолданатынын айтып өтті.
Жалпы семинар-кеңеске елорданың 85 астам ұйымдары мен мекемелерінің басшылары, қаржылық қызметкерлері қатысты.