Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2016 жылғы қызметіне қорытынды жасалды
«Астана ақшамы» газетінің 2017 жылғы 2 ақпандағы №13 (3536) санында жарияланған
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына жолдауында бюджет шығындарының тиімділігін арттырудың өзектілігі мен қажеттілігін атап өтеді.
Осылайша, Елбасымен қойылған міндеттерді шешу шеңберінде 2016 жылы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және бірқатар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер күшіне енді.
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың уәкілетті органы ретіндегі тексеру комиссиялары қызметінің мақсаты жергілікті бюджет қаражатын, мемлекеттің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып белгіленген.
Өзіне жүктелген өкілеттіктер аясында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы 2016 жылы 98 объектінің қамтыған 13 аудиторлық іс-шара жүргізді. Аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 133,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты - 80,0 млрд. теңге (60%) және жергілікті бюджет қаражаты - 53,3 млрд. теңге (40%).
Есептік жылдың қорытындылары бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар көлемі 32,4 млрд. теңгені немесе аудитпен қамтылған қаражат көлемінің 24,4%-ын құрады. 2015 жылдың қорытындыларымен салыстырғанда қаржылық бұзушылықтар көлемінің қысқаруы (73,1 млрд. теңгеге немесе 69,2%-ға) бұзушылықтарды сыныптауда және есепке алуда жаңа әдістемені қолданумен байланысты.
Осылайша, әдістемені өзгерту нәтижесінде 2016 жыл қорытындылары бойынша рәсімдік бұзушылықтар көлемі 141,4 млрд. теңгені құрады, бұл 105,0 млрд.теңгеге немесе 2015 жылдың ұқсас көрсеткішінен 4 есе артық (36,4 млрд.теңге).
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың негізгі үлесі бюджетті жоспарлау, бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті қалыптастыру, коммуналдық мүлікті пайдалану және т.б. тиесілі.
Сонымен бірге, Тексеру комиссиясының қызметі бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, бірінші кезекте, жүйелі кемшіліктер мен проблемалық мәселелерді анықтауға, сондай-ақ оларды шешу жолдарын белгілеуге бағытталған.
Есептік кезеңде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен барлық проблемалық мәселелер мен бұзушылықтар бойынша мүдделі ведомстволар мен ұйымдарға 146 ұсыным және 190 тапсырма берілді, оның ішінде 2016 жылы орындау мерзімі туындағаны – сәйкесінше 125 және 137.
2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудит объектілері 125 ұсынымды немесе 100%-ға және 92 тапсырманы немесе 67,2%-ға орындаған, бұл бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің және аудит объектілерінің барлық қажетті іс-шараларды қабылдағанын айғақтайды.
Осылайша, мемлекеттік аудит объектілері жіберілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жазаға 82 лауазымды тұлғаны тартқан.
Аудиторлық іс-шаралар қорытындысы бойынша уәкілетті органдар мен соттарға әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 81 материал жолданды.
2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жолданған материалдарды қарастыру нәтижесінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке 48 тұлға (2015 жылы - 31 тұлға) жалпы сомасы 9,2 млн. теңгеге (2015 жылы - 6,5 млн. теңге), оның ішінде 46 лауазымды тұлға 5,3 млн. теңге сомасына және 2 заңды тұлға 3,9 млн. теңге сомасына тартылды.
Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін 9 материал жолданды, оның 8-і бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, 1-еуі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды.
Үстіміздегі жылы Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің тікелей және соңғы нәтижелері көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау және бағалау жұмыстарын жалғастыратын болады.