Тиімді мемлекеттік қызмет – табыстылық пен көркею кепілі!
Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында алғашқы басымдық ретінде белгіленіп, мемлекеттік қызметті реформалау бойынша нақты міндеттер қойылған.
Атағанда, Ұлт көшбасшысының тапсырмаларын орындау үшін меритократия қағидаты бойынша мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру тәртібі өзгертілді, жаңа Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қабылданды.
Үстіміздегі жылы Тексеру комиссиясының қызметкерлері «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 15-қадамын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан сәтті өтті, бұл 5 жыл жұмыс істеу кезеңі ішінде Тексеру комиссиясының аппараты білікті кәсіпқой кадрлармен жасақталғанын айғақтайды.
Тексеру комиссиясының штат саны 31 бірлікті құрайды, кадр құрамы толық қалыптастырылған және персоналдың ауысымдылығы болмашы, осы жағдайлар мемлекеттік органның жалпы жұмысына оң әсерін тигізетіні анық.
2016 жылы Тексеру комиссиясының 3 қызметкері басқа мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарға тағайындалып, мемлекеттік органның өз ішінде 3 қызметкер меритократия қағидаты бойынша жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды.
Тексеру комиссиясы аппаратының тұрақтылығы ең алдымен мемлекеттік қызметшілерге едәуір әлеуметтік қолдау көрсетудің арқасында қамтамасыз етіледі.
Осылайша, Астана қаласы әкімдігінің жәрдемдестігімен Тексеру комиссиясының 9 қызметкері қызметтік тұрғын үйге ие болды.
Тексеру комиссиясының аз ғана жұмыс істеу уақытында оның қызметкерлері Қазақстан Республикасының 11 мерейтойлық медалімен, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 6 ведомстволық наградасымен, «Үздік мемлекеттік қызметші» 2 төсбелгісімен марапатталды.
2015 жылдан бері Тексеру комиссиясымен жыл сайын «Үздік аудитор» және «Үздік қызметкер» байқауы өткізіліп, оның жеңімпаздары құрмет грамоталарымен марапатталып, ақшалай ынталандырылады.
Үстіміздегі жылдың 23 маусымында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында Мемлекеттік қызметші күніне орай салтанатты жиналыс өтті. Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ. Молдаш өзінің құттықтау сөзінде мемлекеттік қызметші жұмысы кең ауқымды біліммен қатар үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап ететінін, сондай-ақ түбегейлі әлеуметтік және экономикалық өзгерістерді жүзеге асыру солардың қызметіне тікелей байланысты екендігін атап өтті.
Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін, Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеумен байланысты Тексеру комиссиясының қызметшілері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ведомстволық наградаларымен, сондай-ақ Тексеру комиссиясы Төрағасының грамоталарымен марапатталды.
2017 жылғы 29 маусымдағы "Вечерняя Астана" газетінің № 76 (3581) санында жарияланған