Мұқанов Сәбит Төлеуұлы
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі
1964 жылы 31 шілдеде Павлодар облысында дүниеге келген, жоғары экономикалық білімі бар, Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген, мемлекеттік аудитор сертификаты бар.
Еңбек жолы
Еңбек жолын 1981 жылы бастаған, 1990 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Астана қаласы мәслихатының 2021 жылғы 11 қаңтардағы №100/14-VII шешімімен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.
«III дәрежелі Қаржы сақшысы» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.