Әлжанова Мақпал Нұрланқызы
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі
1973 жылы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген, жоғары экономикалық білімі бар, Өскемен құрылыс-жол институтын бітірген. Мемлекеттік аудитор және жоғары мемлекеттік аудитордың сертификаттары бар.
Еңбек жолын 1995 жылы бастаған, 2013 жылдың наурыз айынан Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында жұмыс істейді, аудит бөлімінің бас маманы - бас ревизор, бас инспекторы - бас бақылаушы, бас инспекторы - мемлекеттік аудитор лауазымдарын атқарды. Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 35/4-VIII шешімімен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау үздігі» II дәрежелі төсбелгісімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.