Лебо Егор Валерьянович
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі
1981 жылы 31 шілдеде Жамбыл облысында дүниеге келген, жоғары экономикалық және заң білімі бар, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, «Көкше» Академиясын бітірген. Мемлекеттік аудитор және жоғары мемлекеттік аудитордың сертификаттары бар.
Еңбек жолын 2002 жылы бастаған, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында қызметтер атқарды. Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 23 маусымдағы № 158/20-VI шешімімен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.
«Қаржы қызметінің үздігі», «Қаржы сақшысы» төсбелгілерімен, «Тексеру комиссиясына - 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.