Ағымдағы жылғы 26 желтоқсанда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Отырыс барысында Астана қаласының Ішкі істер департаментіне материалдық-техникалық жабдықтандыруға бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың қорытындысы шығарылды.
Автокөлік құралдарына нормативті мұқтаждығына қарамастан, 2013 жылы Астана қаласының Ішкі істер департаментінің балансынан республикалық меншікке 9 автокөлік құралы берілді, оның ішінде 8 бірлік тек 2013 жылы сатып алынған.
Бюджет қаражаттарын жоспарлау кезінде бюджеттік өтінімдерді әзірлеу және ұсынудың дұрыстығы бөлігінде бюджет заңнамасының талаптары сақталмай отыр. Келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына бақылау және мониторинг бойынша тиісті жұмыс жүргізілмейді.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.