Ағымдағы жылғы 14 мамырда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының Мәдениет басқармасына 003 «Мәдени-демалыс жұмысын қолдау» және 012 «Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламаларын іске асыруға бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылаудың қорытындысы қарастырылды
Аталған бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде Басқарманың қызметі халықаралық, республикалық және қала деңгейінде ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды дайындауға және өткізуге бағытталған.
Сонымен бірге, бақылаудың қорытындысы Мәдениет басқармасында жекелеген бағыттар бойынша жеткіліксіз жұмыс атқарылатынын көрсетті, бұл Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнама бұзушылықтарына алып келді.
Басқарма қызметінде негізгі проблемалардың бірі мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге бюджет қаражаттарын жоспарлау бөлігінде жеткіліксіз жұмыс атқару болып табылады.
Сондай-ақ, Басқарманың және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмысында қаржылық тәртіптің төмендігі атап өтіледі, соның нәтижесінде бухгалтерлік есепті жүргізгенде және есептілікті дайындағанда бұзушылықтарға жол берілуде.
Бұдан басқа, жалақы қорын жоспарлауда, мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын сақтау кезінде де жүйелік бұзушылықтар анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға және ұйымдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.