Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Астана қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуына мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы қарастырылды
Жалпы алғанда, Астана қаласының жергілікті атқарушы органымен 2011-2015 жылдары жоспарланған Даму бағдарламасының бірінші және екінші кезеңдерінде көзделген міндеттер іске асырылып, негізгі индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізілді.
Сонымен қатар, жүргізілген аудит нәтижелері Даму бағдарламасын іске асыруда нормативтік-құқықтық актілердің жекелеген талаптарының сақтамағандығын көрсетті.
Атап өтсек, басқа деңгейдегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен Даму бағдарламасының міндеттері мен көрсеткіштерінің келіспеушілігінде көрініс тапқан Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің «Ішкі теңгерімділік» принципін сақтамау фактілері анықталды.
Даму бағдарламасының барлық негізгі параметрлері бойынша олардың базалық мәні келтірілмейді, бұл тиісті саланың даму динамикасына талдау жүргізуді қиындатады.
Жекелеген көрсеткіштер мен нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша есептік деректердің ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес келмеу, жоспарланатын көрсеткіштер мен индикаторлардың Базалық көрсеткіштер тізбесіне сәйкессіздігі, жекелеген нысаналы индикаторлардың Даму бағдарламасының мақсаттарымен логикалық өзара байланысының болмау фактілері анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша өкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.