Ағымдағы жылдың 25 маусымында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметші күніне және алдағы елорда күні мерекесіне арналған веложарысқа қатысты
Аталған спорттық іс-шара Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен ұйымдастырылды.
Веложарыс 5,8 шақырым ара қашықтықта үш дәрежеде — әйелдер арасында, 40 жастан жоғары ерлер және 40 жасқа дейінгі ерлер арасында өткізілді.
Жарыстың қорытындысы бойынша «40 жастан жоғары ерлер» дәрежесінде құрметті III орынға Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Өмірәліұлы Молдаш ие болды. «40 жасқа дейінгі" дәрежеде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының инспекторы Арман Шахимов жеңімпаз атанды.
Жүлделі орындар алған веложарыс қатысушылары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.