Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясына 5 жыл!

Үстіміздегі жылдың 22 тамызында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында мекеменің құрылғанына 5 жыл толуына орай ұжымның салтанатты жиналысы өтті.

2011 жылғы 22 тамыз  - Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының әділет органдарында дербес мемлекеттік мекеме болып тіркелген күн - оның құрылу күні болып есептеледі.

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ. Молдаш өзінің алғысөзінде аталмыш органның құрылу тарихы мен мемлекеттік орган қызметінің негізгі көрсеткіштері жайлы сөз қозғады.

Осылайша, «Өңірлердегі сыртқы қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 Жарлығына сәйкес тексеру комиссиялары құрылған.

Тексеру комиссиясының қызметі Астана қаласының аумағында қаржылық тәртіпті нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, басқарудың және жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік субъектілердің активтерін пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Ғ.Ө. Молдаш жиналған қауымды Тексеру комиссиясы қызметінің 5жыл ішіндегі негізгі көрсеткіштері жөнінде хабардар етті, өз сөзінде ол ықтимал бұзушылықтардың алдың алуға және жіберілетін кемшіліктердің санын барынша азайтуға бағытталған шаралардың одан әрі қабылдануына баса көңіл аударды.

Осы мақсаттарда бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен бюджет қаражатын алушылар үшін түсіндірме және ақпараттық жұмысты күшейту қажеттілігін атап өтті.

Салтанатты іс-шара барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукин Астана қаласының әкімі Әсет Өрентайұлы Исекешевтің құттықтау сөзін жеткізді, әкім атынан жекелеген Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне алғыс хаттар тапсырылды.

Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ж.Ғ. Нұрпейісов сөйлеген сөзінде орындаушылық тәртіпті және бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру ісіндегі Тексеру комиссиясы атқаратын міндеттердің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Мұнымен қоса, Ж.Ғ. Нұрпейісов Тексеру комиссиясының жекелеген қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады.

Сондай-ақ, салтанатты іс-шараға Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы М.Қ. Мұстафин, қалалық қаржы саласындағы қызметтердің басшылары қатысты. 

Фотогалерея