Үстіміздегі жылдың 20 қазанында Астана қаласы бойныша Тексеру комиссиясының отырысында «Smart Astana» жобасын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттің және квазимемлекеттік сектор активтерінің тиімді басқарылуы мәселесі бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары қарастырылды
Мемлекеттік аудит нәтижелері жобаларды жоспарлауда және жүзеге асыруда жекелеген кемшіліктердің бар екендігін көрсетті.
Осылайша, «Smart Astana» жобаларының көпшілігінде көзделген міндеттерге қол жеткізілмеген, аяқталған жобалар елорда экономикасында әрі қарай қолданысқа енгізілмеген, мысалы «Wi-Fi Bus», «Smart tracking», «Smart tickets» жобалары.
Жеткізушінің шарттық міндеттемелерін орындамауына байланысты «ТТКҚЖ» жобасы қазіргі таңда жұмыс істемейді.
Қоғам бюджеттік инвестициялар нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізбеген, бұл, ішінара ұйым басшылығының жиі ауысуына, иннновациялық жобаларды жүзеге асыруға жауапты бөлімшелер қызметкерлерінің тұрақтамауына байланысты.
Тексеру комиссиясы тиісті қаулыны қабылдады.