Үстіміздегі жылдың 20 қазанында Астана қаласы бойныша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасына бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуы, сондай-ақ қаланың коммуналдық мүлкін басқарудың тиімділігі мәселесі бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары қарастырылды
Мемлекеттік аудит қорытындылары Астана қаласының коммуналдық мүлкін басқару бойынша міндеттерді іске асыруда жекелеген кемшіліктердің бар екендігін көрсетті.
Астана қаласының коммуналдық мүлкінің есебін тиісті деңгейде жүргізбеу — Астана қаласы әкімдігінің жылжымайтын мүлік объектілерін коммуналдық меншікке алу, оны әрі қарай бәсекелес ортаға беру немесе қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқаша пайдалану бойынша тиісті шараларды уақтылы қабылдауы сияқты мүлікті басқару тиімділігіне кері әсерін тигізеді.
Басқарма тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығынан баланс ұстаушылардың іс жүзінде жалданатын аудандардың көлемін асыруы ғана емес, сондай-ақ коммуналдық мүлікті мүліктік жалға алу шартын жасамай пайдалануына жол беріледі, нәтижесінде коммуналдық мүлікті жалға беруден алынатын қаражат жергілікті бюджетке түспейді.
Аудиторлық іс-шара нәтижесінде Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды, мүдделі мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.