Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай өткізілген салтанатты жиналыс бойынша баспасөз хабарламасы
Үстіміздегі жылдың 14 желтоқсанында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты жиналыс өткізілді.
Тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан. Молдаш өзінің құттықтау сөзінде аталмыш мерекенің маңыздылығын ескере отырып, еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси даму жолындағы елеулі жетістіктерін атап өтті.
Салтанатты іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін қалыптастыруға, егемендігін нығайтуға және дамуына қосқан қомақты үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдары тапсырылды.
Сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ІІІ дәрежелі «Қаржы сақшысы» және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші" ведомстволық наградалары берілді.
Тексеру комиссиясының жекелеген қызметкерлері Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының және Тексеру комиссиясы төрағасының құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды.
Салтанатты жиналыста мемлекеттік аудитор біліктілігін беру туралы сертификаттар да тапсырылды.
«Нұр Отан» партиясының қатарына алғаш рет кірген Тексеру комиссиясының 3 қызметкеріне партиялық билеттері ұсынылды.
Тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Молдаш: «Өзінің тәуелсіз дамуының 25 жылы ішінде Қазақстан қиын да абыройлы жолдан өтті, ол мемлекеттілікті қалыптастыру, ұлт бірлігін нығайту, нарықтық экономика құру сияқты маңызды кезеңдерден тұрды» деп жиналысты қорытындылады.