Үстіміздегі жылдың 17 ақпанында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Елорда Даму» ЖШС активтердің басқарылуына, оның ішінде Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде іс-шаралардың іске асырылуына жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары қарастырылды
«Елорда даму» ЖШС қызметі қаланың тұрғын аумағын қалпына келтіруге, ескі апаттық үйлерді бұзуға және «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасымен» анықталатын мақсаттар мен міндеттерге сәйкес Астана қаласының тұрғын үй қорын салуға бағытталған.
Мемлекеттік аудит нәтижелері көрсеткендей, Серіктестік жұмысындағы жекелеген бағыттар бойынша кемшіліктер бар, олар Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамасының бұзушылықтарына әкеп соққан.
Отырыс қорытындылары бойынша Астана қаласының Құрылыс басқармасына және «Елорда даму» ЖШС-не тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.