Үстіміздегі жылдың 27 сәуірінде кезекті отырыста мазмұны бойынша Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы есебіне қорытынды болып табылатын 2016 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының есебі қаралып, мақұлданды
Есепте Астана қаласының есепті жылдағы түйінді әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің динамикасын талдау нәтижелері ұсынылған және елорданың әлеуметтік және қаржылық-экономикалық дамуы бойынша негізгі қатерлер белгіленген.
Жергілікті атқарушы органдардың есептік мәліметтерінің және аудиторлық қызмет нәтижелерінің негізінде Тексеру комиссиясымен 2016 жылғы қала бюджетінің атқарылуына баға берілді.
Елорданың басты қаржылық құжатының негізгі тармақтары бойынша жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуын талдау, сондай-ақ мемлекет активтерін жекелеген квазимемлекеттік сектор субъектілерімен пайдалану тиімділігін бағалау нәтижелері көрсетілген.
Аталмыш есепте, есепті жылы бюджеттің инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және қаланың әлеуметтік міндеттерін шешуге бөлінетін бюджет қаражатының тиімді игерілуін қамтамасыз ету бөлігінде атқарылуының артықшылықтары мен кемшіліктеріне сипаттама берілген.
2016 жылғы Астана қаласының жергілікті бюджетінің атқарылуына қатысты Тексеру комиссиясының тұжырымдары, сондай-ақ бюджеттік үрдісті одан әрі жетілдіру мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдары ұсынылды.
Есепті Астана қаласы мәслихатының қарауына енгізу туралы Тексеру комиссиясының тиісті қаулысы қабылданды.