Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағына сәйкес Астана қаласының мәслихатына мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органнын тиісті есебіне қорытынды болып табылатын 2016 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы Тексеру комиссиясының есебін ұсынды
Үстіміздегі жылы мамыр айының 12 және 16 күндері Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының отырыстарында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мүдделі тараптардың қатысуымен 2016 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы Есептің негізгі аспектілері талқыланды.
Астана қаласы Қаржы басқармасының басшысы Р.М. Досаев және Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ. Ө. Молдаш депутаттар алдында баяндама жасады.
Елорданың қаржы жылының қорытынды көрсеткіштері кіріс бөлігі бойынша 405 861,9 млн. теңге сомасында, шығыс бөлігінде - 432 477,8 млн. теңге көлемінде қалыптасты. Қала бюджеті 25 476,1 млн. теңге көлемінде тапшылықпен атқарылды.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен 2016 жылғы бюджет әлеуметтік бағдарлануымен ерекшеленгені атап өтілді, оның үлесі шығындардың 22,5%-ын және қала ЖӨӨ-нің 2,8%-ын құрады.
Жалпы алғанда, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының бағалауы бойынша 2016 жылғы елорда бюджетінің атқарылуы оң тұрғыдан сипатталады. Астана қаласының 2016 жылғы бюджетінің атқарылуы оң тұрғыдан сипатталады. Бюджетті атқару барысында байқалған олқылықтар мен кемшіліктер, негізінен алғанда, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметі тапсырмаларының уақтылы орындалуына, сондай-ақ Астана қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі индикаторларына қол жеткізуге әсер етпеген оқшау сипатта болды.
Сонымен бірге, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ.Ө. Молдаш бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджетті атқару кезінде жүйелік сипаттағы кемшіліктер мен қаржылық бұзушылықтарды жібергенін атап өтті.
Осылайша, мемлекеттік сатып алу, бюджеттік заңнама салаларында, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүргізуде жол берілетін кемшіліктер мен бұзушылықтар дәстүрлі сипатқа ие болып үлгерген.
Тұрақты комиссиялардың қарастыру нәтижесінде табылатын 2016 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы Тексеру комиссиясының есебін Астана қаласы мәслихатының сессиясына ұсыну туралы шешім қабылданды.
Толығырық ақпарат алу үшін: http://www.astana-akshamy.kz/qala-byudzheti-qalaj-igerildi