Үстіміздегі жылдың 19 мамырында Астана қаласы мәслихатының он бесінші кезектен тыс сессиясының отырысында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына Ғалымжан Өмірәліұлы Молдаш және Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшелері лауазымдарына Әсел Серікқызы Байдәулетова, Шәмшиден Өмірзақұлы Жанбосынов, Ғалым Полатұлы Құрман тағайындалды
Астана қаласы мәслихатының сессиясында «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 456 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына Ғалымжан Өмірәліұлы Молдаш және Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшелері лауазымдарына Әсел Серікқызы Байдәулетова, Шәмшиден Өмірзақұлы Жанбосынов, Ғалым Полатұлы Құрман тағайындалды.
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес Астана қаласы мәслихаты сессиясының шешімімен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы және Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшелері «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтары бекітілді.