Үстіміздегі жылдың 23 маусымында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында Мемлекеттік қызметші күніне орай салтанатты жиналыс өтті
Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ. Молдаш өзінің құттықтау сөзінде мемлекеттік қызметші жұмысы кең ауқымды біліммен қатар үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап ететінін, сондай-ақ түбегейлі әлеуметтік және экономикалық өзгерістерді жүзеге асыру солардың қызметіне тікелей байланысты екендігін атап өтті.
Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін, Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеумен байланысты Тексеру комиссиясының қызметшілері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ведомстволық наградаларымен, сондай-ақ Тексеру комиссиясы Төрағасының грамоталарымен марапатталды.
Іс-шара барысында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу конкурсының қорытындылары бойынша Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 23 маусымдағы шешімімен тағайындалған Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшелері Руслан Маратұлы Досаев және Егор Валерьянович Лебо ұжымға таныстырылды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау аясында 2017 жылғы 1 маусымда Тексеру комиссиясында әдеп жөніндегі уәкіл функциялары Е.Е. Рашидовқа жүктелді.