Үстіміздегі жылдың 2 шілдесінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күніне және алдағы Астана күніне орай өткізілген велосипед жарысына қатысты
Аталмыш спорттық іс-шара Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен Ақмола облысы Аршалы ауданында ұйымдастырылды.
Велосипед жарысы 6 және 8 шақырым дистанцияларында үш санат бойынша – әйелдер арасында, 40 жасқа дейінгі және 40 жастан асқан ер адамдар арасында өткізілді.
Жарыс қорытындылары бойынша «40 жасқа дейінгі ерлер» санаты бойынша Шахимов Арман құрметті 2-орынға ие болды. Велосипед жарысының жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.