Үстіміздегі жылдың 26 қыркүйегінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Наркология және психотерапия орталығы» ШЖҚ МКК-дағы мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің басқарылуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қарастырылды

Мемлекеттік аудит қорытындылары көрсеткендей, жалпы алғанда Наркология орталығының қызметі оның Жарғысына сәйкес келеді, ол химиялық және химиялық емес аддикция салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзушылықтарынан зардап шегетін науқастарға медициналық көмек көрсетуге бағытталған.

Сонымен бірге, мемлекеттік аудит нәтижелері Наркология орталығының қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспарлау және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде заңнама талаптарын бұзушылықтармен сипатталатынын көрсетті. Дәрілік заттар қорларын басқару тиімділігі жеткілікті деңгейде емес. Сондай-ақ, аудитпен ТМККБК шеңберінде көрсетілген қызметтер үшін шығындарды өтеу бойынша бірқатар сұрақтардың бар екендігі анықталды.

Құны 415,0 млн. теңгені құрайтын қолданыстағы ақпараттық жүйе өндірістік пайдалануға енгізілмей жұмыс істеуде.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Толығырақ