Үстіміздегі жылдың 29 қарашасында Астана қаласы мәслихаты депутаттарының қатысуымен өткізілген Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының аудан әкімдерінің аппараттарына жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қарастырылды
Қала аумағын аббатандыру халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасына тікелей әсерін тигізетін ең маңызды тыныс-тіршілік салаларының бірі болып табылады, оны жүзеге асыруға елордалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің көбісі қатысады.
Сонымен бірге, аббатандыру саласын дамыту жергілікті бюджеттің ең шығынды баптарының бірі саналады: 2015-2017 жылдар аралығында осы мақсаттарға 117 млрд.теңгеден астам немесе көрсетілген кезеңдегі жергілікті бюджеттің шамамен оннан бір бөлігі бөлінген.
Аудит қорытындылары бойынша 156 603 554,8 мың теңге жалпы сомасына бұзушылықтар анықталды, оның ішінде өтеуге және қалпына келтіруге жататыны - 3 484 971,3 мың теңге, сондай-ақ басқа да бұушылықтардың 490 фактісі анықталды.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.