Үстіміздегі жылдың 8 ақпанында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Астана ветсервис» ШЖҚ КМК-да квазимемлекеттік сектор активтерінің басқарылуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қарастырылды
Жалпы алғанда, «Астана ветсервис» ШЖҚ КМК қызметі оның Жарғысына сәйкес келеді және ветеринария саласындағы әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған.
Сонымен бірге, аудиторлық іс-шара нәтижелері жүйелік проблемаларды, сондай-ақ жарғылық және қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысына уәкілетті орган тарапынан тиісті мониторинг пен бақылау жүргізілмейтінін көрсетті.
Мысалы, аудитпен 4,9 млн. теңге жалпы сомасына орындалған жұмыстар құнын асыру фактілері анықталды.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.