Үстіміздегі жылдың 8 ақпанында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласында жолаушылар тасымалы мен көлік инфрақұрылымын дамытуға және реттеуге, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралардың жүзеге асырылуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қарастырылды

Бүгінгі таңда қала әкімдігімен көлік инфрақұрылымы мен жол қозғалысын дамыту бойынша қабылданған шаралар жолаушыларға қызмет көрсету сапасына, жылжымалы құрамның қозғалыс кестесіне және қаланың жол желісіне жүктеменің азаюына оң әсерін тигізді.

Атағанда, елорданың автобус паркі 65%-ға жаңартылды. Жаңа автобустар ақпараттандыру, ауа баптау, жылыту, бейнебақылау жүйелерімен, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға, балалы ата-аналар мен бесік арбаларға арналған пандустармен жабдықталған.

Қаланың магистральді көшелерінде «Bus Lane» жобасын енгізу қоғамдық көлік динамикасы көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартуға әсерін тигізіп, осылайша автобустардың орташа жылдамдығы 12-15%-ға артты.

Қаладағы жол желілеріне жүктемені азайту мақсатында кейбір көшелерде автокөліктің бір бағытты қозғалысы енгізілді, сонымен қатар оң жақты еңіс жолдар бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сонымен бірге, Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шарасының нәтижелері бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігі барлық жағдайда бірдей қамтамасыз етілмейтінін көрсетті.

Мәселен, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған құны 61,3 млн. теңгені құрайтын мобильді ғимараттар пайдаланылмай тұр.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Толығырақ