Үстіміздегі жылдың 16 наурызында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Астанаэнергосервис» АҚ және оның еншілес ұйымдарында мемлекет және квазимемлекеттік сектор активтерінің пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қарастырылды

«Астанаэнергосервис» АҚ және оның еншілес ұйымдарында мемлекет және квазимемлекеттік сектор активтерінің пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары «Астанаэнергосервис» АҚ және оның еншілес ұйымдарының қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және аталған ұйымдардың жарғыларына сәйкес келетінін көрсетті.

Сонымен бірге, аудитпен «Астанаэнергосервис» АҚ және оның еншілес ұйымдарының қызметіне, сондай-ақ тұтастай Астана қаласының энергетикалық инфрақұрылымының дамуына әсерін тигізетін бірқатар айтарлықтай кемшіліктер анықталды.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Толығырақ