Үстіміздегі жылдың 27 сәуірінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында квазимемлекеттік секторды дамытуға бөлінген жергілікті бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қарастырылды
Мемлекеттік аудитпен жалпы алғанда аудиторлық іс-шарамен қамтылған квазимемлекеттік сектор субъектілері жарғылық капиталды қалыптастыруға және ұлғайтуға бөлінген қаражатты жобалардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне сәйкес пайдаланғаны атап өтіледі.
Бұл ретте, жүргізілген мемлекеттік аудитпен жетекшілік ететін мемлекеттік органдар тарапынан ведомстволық бағынысты кәсіпорындарға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жобалардың қаржылық-экономикалық негіздемесімен көзделген тікелей және соңғы нәтижелерге қол жеткізу бөлігінде бақылаудың жеткіліксіздігі анықталды.
Квазимемлекеттік сектор субъектілері бюджет қаражатын мақсатқа сай емес пайдалану фактілеріне жол береді, яғни қаражаттар ағымдағы шығыстарға жұмсалады.
Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдарды жарғылық капитал көлемдерінің өзгеруі жөнінде хабардар ету қажеттілігі туралы құқықтық актілердің нормалары сақталмайды.
Мұнымен қоса, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы ретінде тану бойынша кінәрат-қуыным жұмыстары жүргізілмейді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.