Ағымдағы жылдың 12 шілдесінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Астана-Зеленстрой» АҚ-да және «Астана Орманы» ЖШС-де мемлекет және квазимемлекеттік сектор активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындылары қарастырылды
«Астана-Зеленстрой» АҚ-да және «Астана Орманы» ЖШС-де мемлекет және квазимемлекеттік сектор активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындылары көрсеткендей, анықталған кемшіліктерге қарамастан, жалпы алғанда, аудит объектілерінің қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде жүзеге асырылады.
«Астана-Зеленстрой» АҚ 2017 жылғы табысы 2016 жылмен салыстырғанда 19,5%-ға артып, 12 811,2 млн.теңгені құраған, «Астана Орманы» ЖШС бойынша – 5,2%-ға артып, сәйкесінше 2 163,5 млн.теңгеге жеткен.
Аудиторлық іс-шара барысында 26 971 741,9 мың теңге жалпы сомасына Қазақстан Республикасының бюджет және басқа да заңнамасының бұзушылықтары анықталды, оның ішінде 26 935 507,5 мың теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар, оның 26 934 893,6 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады (аудит барысында 26 931 698,5 мың теңге қалпына келтірілді), өтеуге жататыны - 613,9 мың теңге (аудит барысында 613,9 мың теңге өтелді) және 36 234,4 мың теңге сомасында жергілікті бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың 2 жағдайы, сондай-ақ 1 572 729,9 мың теңге сомасына 393 рәсімдік бұзушылық пен кемшілік фактісі белгіленді.
Негізінен, бұзушылықтар аудит объектілерінің түрлі құрылымдық бөлімшелері бойынша тиісті құжаттардың дұрыс рәсімделмеуі, бухгалтерлік есеп жүргізу (қаржылық операцияларды бухгалтерлік есеп бойынша уақтылы немесе дұрыс көрсетпеу бөлігінде), сондай-ақ қолданыстағы заңнамамен белгіленген тиісті есептерді тапсыру тәртібі мен мерзімдерінің сақталмауымен байланысты.
Сонымен бірге, «Астана-Зеленстрой» АҚ 9 тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушіге қатысты олардың шарттық міндеттемелерін мерзімінде орындамағаны үшін шаралар қабылдамаған.
Мұнымен қоса, 2016 жылдан бастап 2018 жылғы 1-тоқсанға дейінгі аралықта шарттық міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін сот органдарына 218 талап арыз берілген.
Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясымен қаулы қабылданып, тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.