2019 жылдың 12 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Нұр-Сұлтан қаласы аудандары әкімінің аппараттарына жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтардың көпшілігі жүйелі сипатқа ие екендігін көрсетті, бұзушылықтарға жол берілудің негізгі себептері: қызметкерлердің өздеріне сеніп тапсырылған жұмыс учаскелерінде өз функционалдық міндеттерін тиісінше орындамауы, кейбір жағдайларда техникалық және технологиялық міндеттерді орындау кезінде біліктіліктің жеткіліксіздігі, басшылық құрам тарапынан қызметкерлердің Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын сақтауына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеуі болып табылады.
Нұр-Cұлтан қаласы аудандары әкімінің аппараттары мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру кезінде қызметтің негізгі көрсеткіштері бар «аудандардың паспорттарын» пайдаланады, бұл ретте осы паспорттар ешкіммен бекітілмеген және кейбір көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Үкіметінің құжаттарына сәйкес келмейді («Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 16 наурыздағы №131 Қаулысы).
Аудандар әкімінің аппараттары мемлекеттік органның жұмыс жоспарларын жасау және оларды орындау нәтижелері бойынша есептілікті қалыптастыру бөлігінде «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-бабының талаптарын бұзады («Есіл» ауданы әкімі аппаратының, оның ішінде құрылымдық бөлімшелердің 2017-2019 жылдарға арналған жұмыс жоспарлары жоқ, ал «Есіл» ауданы әкімі аппаратының (2018 жыл) және «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының (2017, 2018, 2019 жылдар) қолданыстағы жұмыс жоспарларына олардың орындалу нәтижелері бойынша есеп қалыптастырылмаған), бұл қызметкерлердің қойылған міндеттерді сапалы және уақтылы орындау мақсатында басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін айтарлықтай кемшілік болып табылады.
Сондай-ақ, аудандар әкімі аппараттарындағы лауазымды адамдардың функционалдық міндеттерін талдау көшелерді жарықтандыруға, санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге, елді мекендерді абаттандыруға және көгалдандыруға байланысты жұмыстардың орындалуын бақылау жұмыстарын тиісті біліктілігі жоқ (көрсетілген қызметкерлердің мамандықтары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2018 жылғы 1 қазандағы Әдістемелік ұсынымдарында қарастырылған мамандықтарға сәйкес келмейді) қызметкерлер жүзеге асыратындығын көрсетті.
Аудандар әкімінің аппараттары Абаттандыру қағидаларының және Жасыл желектерді күтіп-ұстау қағидаларының талаптарын сақтамайды, табиғатты пайдалануды реттеу саласындағы уәкілетті органмен орынсыз өзара әрекеттесуге орай жасыл желектер санын, түрлік құрамын және жағдайын анықтау мақсатында есепке алу бойынша деректер жоқ, оның нәтижесі шығыстардың дұрыс жоспарланбауына әкеп соқтырады.
Аудандар әкімінің аппараттары қызметін бағалау критерийлерінің бірі 008 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру», 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету», 011«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» (бұдан әрі – тиісінше: ББ 008, ББ 009 және ББ 011) бюджеттік бағдарламаларын іске асырудың тікелей нәтижесінің жоспарланған көрсеткіштерін орындау болып табылады.
Сонымен қатар, аудит жоспарланған тікелей нәтиженің көрсеткіштері орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің көлемін сипаттамайтынын және әкім аппараты қызметінің нәтижелерін көрсетпейтінін анықтады, (ББ 008 бойынша – «ағымдағы көше, саябақ және орамішілік жарықтандыруды күту үшін тұтынылатын электр энергиясының жылдық көлемі (кВт/сағ)», ББ 009 бойынша – «Нөсер канализациясын пайдалану көлемі (м/сағ)», «қала шеттерін күтіп ұстау және рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша жүзеге асырылған жұмыстар көлемі (м/сағ)» және «су тасқынына қарсы жүргізілген іс-шаралар көлемі (м/сағ)») өйткені олар іс жүзінде жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің жұмыс және қызмет көрсету нәтижелері болып табылады.
Бұдан басқа, жекелеген жағдайларда бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерде тікелей нәтиженің қол жеткізілген көрсеткіштерін дұрыс көрсетпеуге және түпкілікті нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу бойынша расталмаған деректерді көрсетуге жол беріледі, бюджеттік бағдарламалар басшыларын тағайындау туралы құжат жоқ.
Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі қызметтердің құнын айқындау кезінде құрылыс қызметі саласында пайдаланылатын шығындар нормативтері (үстеме шығыстар нормалары – 3%, қысқы қымбаттау құны 2,31% мөлшерінде, күтпеген шығыстар құны 2% мөлшерінде) қолданылады, бұл жоғарыда аталған қызметтерді жабуға жергілікті бюджеттен бөлінетін бюджет қаражатын негізсіз көтеру қаупін туғызады. Бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау нақты қажеттілікке байланыстырылмай, бөлінген қаражаттарға сүйене отырып, атап айтқанда негізгі қорлардың қызмет көрсетілетін санын, аумақтардың аудандары мен ұзақтығын есепке алмай жүзеге асырылады, осылайша бюджеттік өтінімдерге ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы қамтамасыз етілмеген.
Аудандар әкімінің аппараттарымен жасалған шарттарда Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормаларын бұза отырып, техникалық сипаттамада сатып алынған қызметтердің, жұмыстардың қажетті функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, сондай-ақ оның талаптары, жоспарлары, сызбалары, нобайлары көрсетілмеген, бұл оның сапасыз жасалғанын куәландырады. Техникалық сипаттамаға жұмыс түрлері енгізіледі, әкім аппаратында жоғарыда аталған жұмыс түрлерінің көлемі бойынша есеп айырысулар жоқ, бұл орындалған жұмыстар бойынша қол қойылған актілерге күмән тудырады. Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде әлеуетті өнім берушілердің бағалары негіздемесінде сатып алынған жұмыстардың, қызметтердің бағалары туралы ақпарат көрсетілмеген. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қызмет жеткізушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану, сондай-ақ тұрақсыздық айыбы сомасын уақтылы ұстап қалу жөнінде шаралар қолданбау фактілері анықталды.
Нәтижесінде мемлекеттік аудитпен орындалмаған жұмыс көлемін төлеу, сондай-ақ ағымдағы күтіп-ұстау кезінде қолданыстағы құрылыс нормаларын қолдануға байланысты 54806,8 мың теңге мөлшерінде артық төлемдер фактілері анықталды, сәулет қызметі саласындағы заңнаманы бұза отырып, аудандар әкімі аппараттары жұмыстарды қабылдау кезінде жалпы сомасы 4 104,3 мың теңгеге орындалған жұмыс көлемінің сапасын қамтамасыз етпеген.
Бюджет заңнамасымен регламенттелген бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты қағидатын бұзған кезде аудандар әкімінің аппараттары жалпы сомасы 140 442,0 мың теңге көлемінде (шарттың мәнімен және бюджеттік бағдарламамен байланысты емес мақсаттарға - 44 000,0 мың теңге, қаланың негізгі коммуналдық емес меншігін жөндеу және күтіп-ұстау құны - 64 275.7 мың теңге, жеке аумақтарға қоршау орнату - 37 066, 3 мың теңге) бюджет қаражаты жұмсаған. Бюджет қаражатын пайдалану кезінде тиімділік қағидатының сақталмауы («Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты - 68 274,4 «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты - 8 900,0 мың теңге) 77 147,4 мың теңгені құрады.
Сондай-ақ мемлекеттік аудитпен негізгі құралдардың сақталуын есепке алу мен бақылаудың тиісті ұйымдастырылмағаны, атап айтқанда аудан аумағында орнатылған, сондай-ақ қоймаларда орналасқан негізгі құралдарда жауапты адамдардың, инвентарлы нөмірлерінің болмауы, негізгі құралдарды сақтауға қабылдау-тапсыру актісінің болмауы, материалдық құндылықтардың атаулары мен инвентарлы нөмірлері бойынша қоймалық есепке алу журналын жүргізбеуі белгіленді.
Қоймаларды тексеру барысында активтердің басым бөлігі жаппасыз және жабусыз ашық ауада нашар күйде екендігі анықталды. Бұл ретте 2017 және 2018 жылдардың соңында жүргізілген түгендеу негізгі құралдарды есепке алу мен сақтау және материалдық құндылықтарды сақтау қағидалары мен шарттарын сақтау бойынша сәйкессіздіктерді анықтамаған, бұл өз кезегінде бухгалтерлік есеп деректерімен нақты салыстырусыз түгендеудің формалды жүргізілгендігін куәландырады.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша барлығы 5 697 400,2 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: бухгалтерлік есеп және жұмыстар бойынша қалпына келтірілуі тиіс – 5 891 043,3 мың теңге (аудит барысында 5 697 400,2 мың теңге қалпына келтірілді); өтелуі тиіс – 54 806,8 мың теңге (аудит барысында 11 159,8 мың теңге сомасы жергілікті бюджет кірісіне өтелді), жалпы сомасы 198 385,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, 181 828,4 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің қызметіне байланысты 164 рәсімдік бұзушылық және 83 жүйелік кемшілік анықталды.
Осы мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 2017 және 2018 жылдардағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті жасау кезінде бюджет заңнамасын бұзғаны үшін аудит объектісінің лауазымды адамдарына қатысты әкімшілік іс қозғалды және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне сәйкес 6 хаттама жасалды. Сонымен қатар, процессуалдық шешім қабылдау үшін мемлекеттік аудит материалдары Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасына және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.