Қала шетіндегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары
2024 жылғы 16 шілдеде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында мәслихат төрағасының «ZOOM» арқылы қатысуымен, Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында (бұдан әрі – Көлік басқармасы) және Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасында (бұдан әрі – Коммуналдық шаруашылық басқармасы) қала шетіндегі инженерлік-техникалық коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.
Елорданың 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясының бағыттары бойынша «Суды ұқыпты жұмсау» және «Қала шетін дамыту теңгерімін сақтау» бастамалары белгіленді, онда қолданыстағы қалалық инженерлік желілердің тозуы, олардың қала шетінде болмауы, сондай-ақ қала маңында инфрақұрылымның төмен дамуына байланысты орталық аудандардағы ортаға жүктеменің артуы байқалады.
Сонымен қатар, көліктік-инфрақұрылымдық Даму жоспарының орындалуын талдау жекелеген жобалардың аяқталу және басталу мерзімдерінің сақталмайтынын, Көлік басқармасының Астана қаласының шеткері аймақтарын дамытуға бөлінген бюджет қаражатының игермеуін, жалпы сомасы 4 891,0 млн.теңгеге қала шетінде орналасқан мекендерді дамытуға бөлінген бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланғанын анықтады.
Ұтымсыз жоспарлау салдарынан жобаларды іске асырудың басымдығы бойынша әзірленген жоспардың болмауы және тұтастай алғанда Астана қаласының дамуымен өзара байланыста оларды іске асыру кезектілігін нақты пайымдау болып отыр.
Бұл ретте, Көлік басқармасы қолданатын «кезеңдік» құрылыстың тиімсіз тәжірибесі пайдалануға берілгенге дейін пайдаланылатын жолдардың мерзімінен бұрын тозуына әкеліп соғады, жол төсемінің жөндеуаралық қызмет ету мерзімін қысқартады.
Мысалы, «Астана қаласының тұрғын алаптарында жолдар мен инженерлік желілер мен жолдарды салу, реконструкциялау» жобасы бойынша. «Железнодорожный» ЖМ бойынша Көлік басқармасы 2022 (219,0 млн.теңге) және 2023 жылдары (145,9 млн. теңге) құрылыс жұмыстарын түзетуге және тоқтатуға жобалау-сметалық құжаттаманы жібергеннен кейін жалпы сомасы 364,9 млн. теңгеге аванстарды мердігерге негізсіз төлеген.
2012 жылы аяқталған (алайда коммуналдық меншікке берілмеген) екі жобаның іске асырылуына жүргізілген бағалау «Астана қаласының тұрғын алаптарында жолдар мен инженерлік желілерді салу, реконструкциялау. Көктал-2» тұрғын алабының 2,3 және 4 кезектері Көлік басқармасының коммуналдық меншікке жалпы сомасы 1 350,1 млн. теңгеге объектілерді 2016 жылдан бастап пайдалануға берілген сәттен кейін жеті жылдан астам кешігіп, уақтылы бермегенін анықтады.
Сонымен қатар, пайдалануға берілген, бірақ баланс ұстаушыларға берілмеген объектілерді берудің ұзақ процесі объектілерді жарамсыз күйге, тозуына және істен шығып, ескіруіне әкелген.
Сондай-ақ, құрылысы 2011 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан тоқтатылған 13 инвестициялық жобаға жүргізілген бағалау оларды қаржыландыруға 10 034,7 млн.теңге сомасында бөлінген бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылғанын көрсетті.
Құрылысы аяқталмаған есептелетін жобаларға басымдылық өлшемшарттарын қолданбай, мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауымен, қаржыландыру жеткіліксіздігімен, жер учаскелерін уақтылы сатып алуды қамтамасыз етілмеген және басқа да себептермен тиімділігінің төмен жоспарлауына байланысты тоқтатылды.
Екі басқарма тарапынан жүйелі бұзушылықтар: құрылыстың басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органды уақтылы хабардар ету жөнінде шаралар қабылданбағаны, сондықтан барлық аудиттелетін жобалар бойынша хабарламалар жіберілмегені немесе кеш жіберілгені туралы атап өтілді.
Көлік басқармасы бойынша қаржылық бұзушылықтар жүргізілген бақылау тексерулерінің нәтижелері бойынша, сондай-ақ жалпы сомасы 889,6 млн. теңгеге жұмыстардың орындалуы дұрыстығын растамауына байланысты, оның ішінде өтелуге тиіс - 497,3 млн. теңге және қалпына келтіруге жататын -392,3 млн. теңге анықталды.
Мысалы, «Интернациональный кенті құрылысы» жобасы шеңберінде техникалық шарттарға сәйкес орнатылуы алынып тасталған, сондай-ақ оларды орнатуды және жүргізуді растайтын құжаттар ұсынылмаған тіректік қадаларға арналған бейіндерді орнату және алу жөніндегі жұмыстар үшін 270,7 млн.теңгеге бюджет қаражатын негізсіз пайдаланған.
«А62 көшесін салу» жобасы шеңберінде асфальтбетон қоспаларын төсеу және құрылыс қоқыстарын шығару құнын 8,0 млн. теңгеге арттыруға жол берілген, 19,0 млн. теңгеге құм тасты топырақты игеру бойынша жұмыстар расталды, сондай-ақ тиімсіз пайдалануға тас топырақты үйіндіге жылжытудың орнына құрылыс шегінен тыс тасымалдауға байланысты 58,7 млн. теңге сомасына шығынға жол берілген.
Көлік басқармасы Жол активтері сапасының ұлттық орталығы (бұдан әрі - Жол сапасы орталығы) ескертулерін орындамағанын ерекше өрескел бұзушылығын атап өтті.
Ал, жол төсемі қабаттарының сапасына уақтылы кіріс бақылауын жүргізбеу жолдың жеткіліксіз беріктігімен, төсемнің пайдалану қасиеттерінің мерзімінен бұрын зақымдануы және тозуымен байланысты ақаулардың туындау қаупіне әкеледі.
Мысалы, «А105 көшесінің құрылысы» жолының барлық учаскесінде құрылыс сынақтар бөгде ұйымдарды тарта отырып жүзеге асырылған.
Сонымен қатар, бақылау тексеруімен анықталған тесік жарықшықтар мен сызат ақаулар бюджет қаражатын 467,8 млн.теңге сомасына экономикалық шығындарға алып келген.
Аудитпен қамтылған жобалар бойынша Көлік басқармасы Жол сапасы орталығы жолдаған 18 зертханалық қорытынды ескертулерді жоймаған.
Өз кезегінде, Жол сапасы орталығы Астана қаласының Қалалық ортаның сапа және бақылау басқармасына Көлік басқармасы, техникалық қадағалау сарапшылары мен мердігер ұйымдар тарапынан ақаулар мен сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылданбағаны туралы хабарламаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жібермеген.
Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша «Орман отырғызу учаскесі» тұрғын алабының сумен жабдықтау және су құбырлары желілерін салу» жобасы шеңберінде 274,5 млн. теңге сомасына ойықталған қоршауларды орнату бойынша тиісті құжаттармен расталмаған жұмыстар үшін негізсіз төлем қалыптасқан, сондай-ақ көгалдандыру және орнату бойынша жұмыстар орындалмаған және қоқыс жинағыштар 21,5 млн.теңгеге орнатылмаған.
Сонымен қатар, бюджет қаражаты құны 3 672,0 млн.теңгені құрайтын бұл жобаны салу кезінде оны пайдаланушы ұйымдардың балансына берілмеген, сондай-ақ 200-ден астам тұрғындары бар 40 үйден тұратын тұрғын үй массивін дамыту перспективасы болмауына байланысты тиімсіз пайдаланылған.
Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1 412,9 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: қалпына келтіруге тиіс 561,6 млн. теңге және өтеуге жататын 851,4 млн. теңге, бюджеттік қаражатты тиімсіз жоспарлау – 4 895,5 млн. теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану- 5 080,8 млн. теңге, ықтимал шығындар сомасы 712,0 млн. теңгені құрады, сондай-ақ 70 рәсімдік бұзушылық және 6 жүйелік кемшіліктер анықталды.
Сонымен қатар, аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 31 факт анықталды.
Тексеру комиссиясы анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында аудит нысандарына тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берді.