Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру тиімділігінің мемлекеттік аудит қорытындылары
2023 жылғы 25 сәуірде мәслихат депутаттарының қатысуымен Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді, онда мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.
Мемлекеттік аудит кезінде 2021 жылғы қаңтардан бастап 2022 жылғы қыркүйекке дейінгі кезеңдегі жалпы сомасы 3 891 052,0 мың теңге, оның ішінде «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» ММ (бұдан әрі – Мәдениет басқармасы) 004 «Мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 833 799,4 мың теңге сомасында, ММ «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» (бұдан әрі-Спорт басқармасы) 006 «Спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру» бюджеттік бағдарламасы 2 057 252,6 мың теңге сомасындағы қаражат қамтылды.
Тексеру мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды, бюджеттік тәртіп процесстерін реттейтін заңнаманың бірқатар бұзушылықтарын анықтады.
Мысалы, Мәдениет және Спорт басқармалары жалпы сомасы 10 739 812,0 мың теңгеге бюджеттік өтінімдерде қамтылған есептеулерге ақпараттың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етпеген, оның ішінде Мәдениет басқармасы бойынша 4 843 563,0 мың теңге және Спорт басқармасы бойынша 5 896 249,0 мың теңге, бұл шығыстарды тиімсіз жоспарлауды көрсетеді.
Бюджеттік өтінімді есептеуде Астана қаласының аудандары (шағын учаскелері) бойынша, мемлекеттік тапсырысты орналастыру жоспарланған үйірмелердің түрлері бойынша нақтылық, сондай-ақ үйірмелердің қажеттілігі бойынша есеп жоқ, 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалардың қамтылуының жалпы саны белгісіз.
Аудитпен жеткізушілерден өтінімдерді қарау мерзімдерін бұзудың 348 жағдайы анықталды, оның ішінде 141-і мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша және 207 -і мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша, онда аталған екі Басқарма тұлғасында Операторлардың қарау мерзімі бір айдан астам уақытты құрады.
Операторларға арналған платформада балалар арасында кезекті бөлу жөніндегі ақпараттық жүйенің қызметі 2023 жылдың наурызына дейін қол жетімсіз болған.
Сондай-ақ, Порталдың (платформаның) кемшіліктеріне 2 бөлек балаға және одан көп балаға 1 ваучер беру фактілерінің орын алуы, екі Басқарма бойынша мұндай фактілердің саны - 1 132 құрады. Бұл кемшілік бұзушылықтар Операторға бюджет қаражатына нақты қажеттілікті анықтауға, сондай-ақ келешекте қажетті бюджеттік қаражатты болжауға мүмкіндік бермейді.
2021 жылдың мамыр айынан бастап «artsport.edu.kz» платформасының жұмысына қарамастан Операторлар мен платформа иесі арасында платформаны пайдалану туралы шарт әлі жасалмаған.
Платформада ақпараттық қауіпсіздікті сынаудың сәтті нәтижесі туралы акті жоқ, Денсаулық сақтау және Оқу ағарту, Әділет министрліктерінің ақпараттық жүйелермен интеграцияланбаған.
Мәдениет және Спорт басқармалары ақпараттық жүйенің серверлерінде және ақпарат тасығыштарда мемлекеттік тапсырыс рәсімдерін орындау барысында жинақталған мәліметтерді сақтауды жүзеге асырмайды, сондай-ақ іркілістер болған жағдайда жұмысқа қабілеттілікті тез қалпына келтіру мүмкіндігі үшін деректердің резервтік жинақталуы жоқ.
Платформада жеткізушілер мен жеке тұлғаларды тіркеу кезінде БСН мен ЖСН жоқ тұлғалардың деректерінің түпнұсқалығы автоматты түрде тексерілмейді. Қазіргі уақытта Платформа елорда аумағына кірмейтін ата-аналарды тіркеуге мүмкіндік берген, бұл өз кезегінде жергілікті бюджетке қосымша ауыртпалық түсіреді.
Аудит мынадай бұзушылықтар нәтижесінде қалыптасқан бюджет қаражатын мақсатсыз, негізсіз және тиімсіз пайдалану фактілерін анықтады:
1) өнім берушілер аудит кезеңінде 2 951 931,9 мың теңге жұмсалған, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану болып табылатын және жергілікті бюджеттің (елорда) экономикалық шығындарына әкеп соққан, есепке алу табельдеріне сәйкес Астана қаласының шығармашылық үйірмелері мен спорт секцияларына қатысқан Астана қаласының аумағына кірмейтін (елордада тіркелмеген) балалардың 10 812,0 ваучерін белсендіруге жол берген;
2) Астана қаласында мектеп алдындағы және мектеп жасындағы 441 бала (мәдениет бағыты бойынша) және 1 173 бала (спорт бағыты бойынша) елордалық білім беру ұйымдарында тіркелмеген және Ақмола облысының Астанаға жақын аудандарында есепте жоқ, бюджетке өтелуге жататын 406 762,7 мың теңге сомасында жергілікті бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған.
Қарсы тексерулер жүргізу кезінде мемлекеттік тапсырыс берушілерде мынадай негізгі бұзушылықтар анықталды:
1) үйірмелер мен секцияларға қатысудың электрондық табеліне қол қою 1 227 сабақ бойынша заңды өкілдің жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылмаған. 100% қатысу электрондық табелін толтыру арқылы шығармашылық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландырудың ең жоғары сомасын беретінін ескерсек, онда жеткізушінің табельдерді өз бетінше толтыруға тікелей мүдделілігін көрсетеді;
2) шығармашылық үйірмелерді өткізуге арналған өтінімдерде 3, 4 немесе 5 түрлі жеткізушілерден 51 оқытушы (жаттықтырушы) мәлімделді. Алайда, кейбір жеткізушілер платформада көрсетілген оқытушының құжаттары бойынша шығармашылық үйірмелердің, спорт секцияларының балаларын оқытуға басқа оқытушыға рұқсат берген, бұл соттылықтың, біліктіліктің, ауруы жоқтығы туралы анықтама беру туралы талаптарды бұзады;
3) жеткізушілер жалға алатын жеке үй-жайлар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келмейді және бейнебақылау камералары жоқ;
4) жекелеген жеткізушілер платформадан оқытушылар, балалар бойынша ақпаратты алып тасталған, оқу бағдарламалары жоқ, Шығармашылық үйірмелерді өткізу кестелері бойынша толыққанды ақпарат жоқ;
5) шығармашылық үйірмелер, спорт секциялары тұрғын үй кешендерінде, бизнес-орталықтардың ғимараттарында, техникалық қызмет көрсету станциясының ғимаратында, «қоймаларды пайдалану, қоймаларға қызмет көрсету үшін аумақты кеңейту үшін» нысаналы мақсаты бар ғимараттарда, паркингтің тұрақ аймағы базасында, мемлекетттік мектеп ғимаратының жертөле үй-жайларында орналастырылған.
Ал реттеуші құжаттарда шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын өткізу үшін білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының объектілері мен құрылыстарының инфрақұрылымы көзделген.
6) өнім берушілер балалардың заңды өкілдерімен шарттар болмаған кезде балаларды шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қабылдаған, сондай-ақ негізделмеген, құжаттардың толық топтамасын ұсынбауына байланысты балалардың заңды өкілдерімен шарттар жасалған, балалардың ЖСН дұрыс емес ваучерлері негізсіз іске қосылған.
Қызмет көрсетушілер тарапынан жергілікті бюджет кірісіне мына жағдайларда: сәйкес келмейтін жастағы балалар үшін төленген кездегі; рұқсаттама берген балалар бойынша көрсетілмеген қызметтер үшін ақшалай қаражат қайтарылған; балаларға бару деректерінің педагогтер мен әкімші жасаған балалардың сабақтарға нақты бару табельдері мен Платформада орналастырылған сабақтарға қатысуды есепке алу табельдері арасында алшақтық; тексерілмеген сабақтар үшін өтелген.
Сондай-ақ, аудитпен мемлекеттік мектептердің үй-жайларды (спорт залдары, сыныптар, жертөлелер) өтеусіз негізде немесе 18-ден астам мектепте төмендетілген бағамен берілген фактілері анықталды, бұл баланс ұстаушылардың (мектептердің ) экономикалық шығындарына әкелген, бұдан басқа жалдау шарты мекенжай бойынша www.gosreestr.kz.интернет-ресурста тіркелмеген.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша өтелуге тиіс жалпы сомасы 473 664,4 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар (аудит барысында 38 511,2 мың теңге өтелді), бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау сомасы 10 739 812,0 мың теңгені, тиімсіз пайдалану сомасы 219 135,4 мың теңгені, ықтимал шығындар мен жоғалған пайда сомасы 2 988 188,0 мың теңгені құрады, сондай-ақ, 560 процедуралық бұзушылықтар мен 16 жүйелік кемшіліктер анықталды.
Сондай-ақ, құжаттарды ұсыну жөніндегі Тексеру комиссиясының талаптарын уақтылы орындамаған 4 қызмет көрсетушіге әкімшілік хаттамалар толтырылып, әкімшілік жазалар қолданылды, қысқартылған тәртіппен төленген айыппұлдар сомасы 690,0 мың теңгені құрады. Бюджеттік есепке алуды жүргізу, есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бұзу фактісі бойынша Спорт басқармасы мен Мәдениет басқармасының 2 жауапты тұлғасына қатысты әкімшілік жаза қолданылды, қысқартылған тәртіппен төленген айыппұлдар сомасы 690,0 мың теңге.
Тексеру комиссиясы Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне бухгалтерлік есепті жүргізуден жалтарғаны және қаржылық есептілікті бұрмалағаны үшін әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін 2 әкімшілік материал жіберді, қысқартылған тәртіппен төленген айыппұл сомасы 86,2 мың теңгені құрады.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне салық заңнамасын бұзу бөлігінде 4 аудит фактісі жіберілді, олар бойынша 2 ескерту жасалып, 1 бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілді. Аудит қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы аудиторлық іс-шарада анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін тапсырмалар мен ұсынымдар әзірледі.