«Елордада діни қызметті реттеу саласындағы мемлекеттік орган қызметінің тиімділігінің мемлекеттік аудиті» аудиторлық іс-шарасының қорытындылары туралы
2022 жылғы 16 қарашада Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) кезекті отырысы өтіп, елордада діни қызметті реттеу саласындағы мемлекеттік орган қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қарастырылды.
Аудит Астана қаласының Дін істері басқармасы (бұдан әрі - Басқарма), жалпы алғанда, елордада діни қызметті реттеу саласында тиісті жұмыс жүргізетінін көрсетті.
Сонымен қатар, мемлекеттік аудит объектілеріне жүргізілген талдау (Басқарма, «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС (бұдан әрі – ДЗО ЖШС) мемлекеттік аудит көрсеткіштері шеңберінде бірқатар кемшіліктер мен бұзушылықтарды және Басқарма қызметінің тиімділігін арттыру үшін резервтердің барын анықтады.
Мысалы, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту кезінде бір бюджеттік бағдарлама шегінде (2022 жылға арналған 001 ББ - да) өзара тікелей және түпкілікті нәтижелердің қайталануына жол берілген, Басқармада халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында жоғары тұрған мемлекеттік органдардың нұсқаулары мен тапсырмалары шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын орындау бойынша жүзеге асырылатын қызметті есепке алу және тіркеу жүзеге асырылмаған, бюджеттік өтінімдерде қамтылған есептерге ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы қамтамасыз етілмеген, жалпы сомасы 165 472,0 мың теңгеге бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар тиімсіз жоспарланған, тауарлар мен қызметтердің бағасын растайтын құжаттар қарастырылмаған, аудиттелетін кезеңде Басқармада бюджеттік бағдарламалар басшыларын тағайындау туралы құжат әзірленбеген.
Басқарманың жүктелген міндеттері мен функцияларын іске асырудың тиімділігіне жүргізілген талдау Басқарма мен құрылымдық бөлімшелердің Ережелерін әзірлеу кезінде бұзушылықтарды анықтады.
Аудит Басқарма мен ДЗО ЖШС-ның даму жоспарларын сапалы әзірлеу, іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігін қамтамасыз ету, олардың орындалуы бойынша жұмыстың жеткіліксіздігін көрсетеді.
Жалпы, ішкі құжаттарға жүргізілген талдау ДЗО ЖШС-ның көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратынын көрсетті. Алайда, ДЗО ЖШС-ның жарғылық қызметі ҚР ҰК 03-2019 номенклатурасында көзделген ЭҚЖЖ 94910 бойынша қызметке сәйкес келмейді. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы «Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесі» №1095 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – №1095 Тізбе) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар үшін дін саласында қызмет түрлері қарастырылмаған. Осындай жағдай «Астана-арнайы қызметтер бюросы» ЖШС бойынша да орын алып отыр.
Қаржы, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға жүргізілген бағалау резервтердің бар екенін анықтады.
Бұл ретте, ДЗО ЖШС құқықтық негіздер бола тұра (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы «Аудиторлық қызмет туралы» Заңының 5-бабы 1-тармағы және 3-тармағының 2) тармақшасы), серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерінің дұрыстығы және 2021 жылға арналған даму жоспарының тиісінше орындау жөніндегі есептің деректері туралы тәуелсіз пікір алу мақсатында қаржылық есептілікке тәуелсіз аудит жүргізуге бастамашылық жасамаған.
Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2021 – 2023 жылдарға арналған мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі кешенді жоспарды орындау кезінде діни қызмет саласындағы негізгі міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізу тиімділігіне әсер етуі мүмкін кемшіліктер анықталды.
Бұдан басқа, қала тұрғындарының 2021 жылға арналған нысаналы тобы үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің бекітілген жоспарының (жоспар) жекелеген іс-шараларының орындалмағаны байқалады. Бұл ретте, Басқарма аймақтағы діни жағдайды жақсарту үшін хабардарлық деңгейі төмен халықтың ақпараттық-түсіндіру іс - шараларымен жеткіліксіз қамтылғандығын куәландыратын ДЗО ЖШС жүргізген әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері назарға алмаған («Алматы» ауданы - 17,7%, «Байқоңыр» ауданы - 20,4%, «Есіл» ауданы-17,5%., «Сарыарқа» ауданы - 13,8% ).
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 40 898,6 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 40 247,4 мың теңгесі қалпына келтірілуі тиіс, 651,2 мың теңгесі өтелуі тиіс (отырыс өткізілгенге дейін 9,2 мың теңге өтелді), бюджеттік жүйенің негізділігі қағидатын сақтамаумен сипатталатын бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау сомасы – 165 472,0 мың теңгені, тиімсіз пайдалану сомасы – 21 378,6 мың теңгені, ықтимал шығындар мен жоғалған пайда – 13 010,0 мың теңгені құрады, сондай-ақ 28 рәсімдік бұзушылықтар мен 14 жүйелік проблемалар мен кемшіліктер анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы қаулы қабылдады, аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар жіберілді.