Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жекелеген іс-шараларын іске асыру тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары
2022 жылғы 29 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) жекелеген іс-шараларын іске асыру тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.
Аудит «Нұр- Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ (бұдан әрі –Жұмыспен қамту басқармасы), «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ (бұдан әрі-Білім басқармасы), Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы» КММ (бұдан әрі-Жұмыспен қамту орталығы) халықты нәтижелі жұмыспен қамту және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында жалпы нақты жұмыстар жүргізілетінін көрсетті.
Сонымен қатар, бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерін жоспарлау мен орындауды талдау білім және жұмыспен қамту басқармаларының бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелерінің айқындалғанын, оларға қол жеткізу үшін «Еңбек» бағдарламасы есебінен ғана емес, басқа да Мемлекеттік бағдарламалар мен Ұлттық жобалар есебінен қол жеткізіледі. Бұдан басқа, бюджеттік бағдарламалардың сомасын ұлғайту жағына нақтылау кезінде тікелей нәтиженің бастапқы бекітілген көрсеткішіне түзету жүргізілмейді, бұдан басқа қаржыландыру көлемдерін айқындау кезінде негіздеме жасалмаған.
«Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету» бөлігінде «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағытының орындалуына жүргізілген талдау және бағалау белгіленген көрсеткіштердің орындалмағанын көрсетті. Оқу бітіргеннен кейін 12 ай ішінде жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі 2019 жылы 94% жоспар кезінде 82,4% - ға; 2020 жылы 60,5% - ға; 2021 жылы 60,5% - ға орындалған.
Бұл ретте түлектер мамандығы бойынша жұмысқа орналаспаған жағдайлар орын алады. Сонымен қатар, Білім басқармасы жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша 2020 жылы 886 түлектің 329 - ы жұмысқа орналасқандығы расталмаған, 2021 жылы 956 түлектің 249-ы орналасуы расталмаған.
Сондай-ақ, Білім басқармасы білім беру ұйымдарымен шарттар жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемін айқындамай жасаған, шарттық міндеттемелерге және қызметтер құнына өзгерістер енгізудің негізділігі болмады. Мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушыларды стипендиямен қамтамасыз етуге ақша қаражатын аудару тетіктері реттелмеген.
«Жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында талап етілетін біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға» (Жұмыспен қамту орталығы) қатысушылар бойынша ұқсас жағдай. Мысалы, оқуды аяқтағандардың үлесі орта есеппен 94% - ды, жұмысқа орналасқандардың үлесі – 71% – ды құрайды, бұл ретте соңғы екі жылда білім алушылардың саны 2019 жылмен салыстырғанда 5,7 есеге азайды (2019 жылы 1 234 адам, 2020 жылы-220 адам, 2021 жылы-213 адам).
Білім беру ұйымдарында қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың құнын айқындау әдістемесі жоқ, оны Білім министрлігі 2020 жылғы сәуірде бекітуі тиіс еді, бұл ретте Жұмыспен қамту орталығы оқыту құнын оқу орындарының баға ұсыныстарына сүйене отырып айқындады.
2021 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтаған тыңдаушылар бойынша Жұмыспен қамту орталығы алған 79 адамды (38,5 %) біліктілігі бойынша жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етпеді.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бөлігінде «Еңбек» бағдарламасының екінші бағытының орындалуына жүргізілген талдау мен бағалау да бірқатар кемшіліктер мен бұзушылықтарды анықтады.
Мысалы, бизнес-идеяларды іске асырудың тиісті мониторингінің болмауына байланысты 2021 жылы (98 374,6 мың теңге) грант алған 169 жеке кәсіпкерлік субъектісі жыл ішінде төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын және басқа да міндетті төлемдерді енгізбеуге алып келген.
Нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған мемлекеттік гранттарды уақытында қайтару жөніндегі іс-шаралар толық көлемде жүзеге асырылмаған.
Сондай - ақ, аудит «Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша – «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша кемшіліктер мен бұзушылықтарды атап өтті.
Мысалы, 2021 жылы жеке агенттікті тарта отырып, толыққанды «Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау» жүргізілмеген, семинарлар, тренингтер және түрлі кәсіптер өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылмаған және өткізілмеген, дағдыларды айқындау үшін тестілеу өткізілмеген, кәсіби іріктеуден өту қажеттілігі туралы ұсынымдар дайындала отырып, кәсіби білімін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, олардың мамандық таңдауда, кәсіп түрін ауыстыруда және біліктілікті арттыруда кәсіби практикалық көмек көрсету мақсатындағы қолдау шараларының бірі болып табылады.
Жоспарланған жұмыс орындарының санымен салыстырғанда квоталауға жататын барлық санаттардың нақты жұмысқа орналасу пайызының төмендігі байқалады (2020 жылы - 6,5%; 2021 жылы-6,4%).2019 және 2020 жылдары мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын арнайы жұмыс орындарының болмауы, бұл ретте 2021 жылы барлығы 10 жұмыс орны қамтамасыз етілді, бұл жүгінген мүгедектердің жалпы санының 2%-ын құрайды. Жұмыссыздарға, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандарға тиісті әсер етпейді. Жыл сайын қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру үшін қомақты қаражат бөлінеді. Алайда, мемлекеттік қолдаудың бұл тетігі жұмыссыздарға тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу және жұмыссыздың әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі түрінде ықпал етпейді. Соңғы үш жылда жұмыссыздардың тек 3,9% - ы қоғамдық жұмыстарды атқару орнында тұрақты жұмысқа орналасты.
Сондай-ақ, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатыса алады, оған алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жұмыс іздеп жүрген адамдар, жиырма тоғыз жастан аспаған жастар қатарындағы халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз адамдар, оның ішінде NEET санаты, жұмыс тәжірибесі жоқ және «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы өзінің тиімсіздігін (2021 жылы «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 91 қатысушының ішінен 30 адам өз еркімен мерзімінен бұрын тоқтатты, 61 адам 12 айдан аз жұмыс істеді, ал шарт бойынша 24 ай қажет болды. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша Жұмыспен қамту орталығының өзі жұмыс беруші болып табылады, басқа жұмыс берушілер болған жоқ) көрсетті.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша барлығы 46 744.0 мың теңге сомаға бюджет қаражатын жұмсау кезінде өтеуге тиіс қаржылық бұзушылықтар анықталды (отырыс өткізілгенге дейін 31 543,6 мың теңге өтелді), бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау сомасы 6 274 435.0 мың теңгені, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 1 017 309,5 мың теңгені құрады, сондай-ақ 21 рәсімдік бұзушылық және 16 жүйелік проблемалар мен кемшіліктер анықталды.
Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша қаулы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар жіберілді.