Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік аудит объектілері қызметінің, сондай – ақ «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» жекелеген іс-шараларын іске асыру тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары
2022 жылғы 20 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысында кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік аудит объектілері қызметінің, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» жекелеген іс-шараларын іске асырудың тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.
Аудит Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Нұр- Сұлтан қаласының өңірлік филиалы (бұдан әрі-Даму филиалы, Қаржы агенттігі) инвестицияларды тартуға, туризмді дамытуға, өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған біркелкі жұмыс жүргізетінін көрсетті.
Сонымен қатар, көрсетілген бағыттарда Басқарма қызметінің тиімділігін арттыру үшін айтарлықтай резервтер бар.
Кәсіпкерлік басқармасы инвестицияларды тарту жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген «Әлеуетті және жұмыс істеп тұрған экспорттаушыларды сервистік қолдау» және «Инвесторларға пост-инвестициялық қызмет көрсету сервисін енгізу» іс-шараларын орындау бойынша тиісті жұмыс жүргізбейді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1050 қаулысымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - ИИДМБ) іс-шараларының жоспарымен регламенттелген «2020-2025 жылдарға арналған Өңірлік экспорттық стратегиясы» жасалмаған.
Басқармада экспортты дамыту мен ілгерілету жұмысының тиісті мониторингі жүргізілмейді. Осыған байланысты, ИИДМБ іс-шаралар Жоспарының әлеуетті және жұмыс істеп тұрған экспорттаушылар тізілімін қалыптастыру және тұрақты түрде өзектендіру жұмысын ұйымдастыру бөлігінде талаптар тиісінше орындалмайды.
Кәсіпкерлік кодексті бұза отырып (105-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы) Басқармада өңірлерде кәсіпкерлікті қолдаудың бекітілген картасы жоқ.
Сондай-ақ, Басқарма қызметкерлерінің қала экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттері мен функцияларын тиісінше орындамауы және технологиялық инновацияларды дамыту мемлекеттік Жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында көрсетілген бағыттармен өзара байланыста өңірді дамытудың басым бағыттарын айқындау кезінде Нұр-Сұлтан қаласының 2021-2025 жылдарға арналған АДБ «Нысаналы индикаторлары» сапасыз жасалғанын көрсетті.
Басқарма бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу кезінде бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану үшін құқықтық негіз болып табылатын негізгі нормативтік құқықтық актілері көрсетілмеген, жекелеген жағдайларда түпкілікті нәтиженің қабылданған көрсеткіштері мақсатқа қол жеткізудің сандық көрсеткіштерін сипатталмаған, түпкілікті көрсеткіштер атауы нақтыланбаған.
Бюджет қаражатының бөлінген көлемі шеңберінде шарттар бойынша міндеттемелерді орындау аудиті бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктерді анықтады.
Сонымен қатар, «Astana Invest» ЖШС өңірлік фронт-офис функцияларын тиісті деңгейде орындамауда.
Штатында маркетингтік жұмыстарды әзірлеу және жүргізу бойынша мамандандырлыған құрылымдық бөлімшесі бола тұра, «Astana Invest» ЖШС «Batys Consult» ЖШС-мен (2020 жыл) және «Е.К. Нұрғалиев» ЖК-мен (2021 жылы) маркетингтік және ұқсас науқандық жұмыстарды жүргізу үшін қызметтерді сатып алуға 31 210,3 мың теңге сомасында мемлекеттік сатып алу шартын жасасуы жергілікті бюджеттің экономикалық шығынына әкеліп соққан (021 «Туристік қызметті реттеу» бюджеттік бағдарламасы).
«ForteBank» АҚ несие қаражатын бөлу кезінде «Самұрық» ЖК-ны соңғы қарыз алушы ретінде заңсыз анықтаған, аталған кәсіпкерлік субъект Нұр-Сұлтан қаласының аумағында тіркелмеген және Ақмола облысының Целиноград ауданында салықтық есепте тұрады.
Сондай-ақ бюджет заңнамасын, субсидиялау қағидаларын және кепілдік беру қағидаларын бұза отырып, экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларына жатпайтын пайдалануға қабылданған (39 723,9 мың теңге) ЖКС-нің 5 жобасы (717,4 мың теңге) негізсіз субсидияланды және 3 несие бойынша кәсіпкерлердің кепілдік сомасы 4 338,7 мың теңге сомаға (тіркеу мерзімі 3 жылдан астам) асып түсті, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен - 867,7 мың теңге.
Сонымен қатар, мемлекеттік қолдауға ие болған жеке кәсіпкерлік субъектілерін (ЖКС) зерделеу барысында Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде іске асырылатын 23 жоба бойынша несиелерді субсидиялау және кепілдендіру түрінде 184 970,8 мың теңге сомасында қаржылық көмек көрсетілгені анықталды.
Бұл бюджеттік қаражатты ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты елорда кәсіпкерлерін қолдау және дамыту үшін жұмсауға бекіткен болатын.
Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша барлығы 550,0 мың теңге сомасында бюджет түсімдері бойынша қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Сондай-ақ, өтеуге тиіс 242 885,2 мың теңге сомаға бюджет қаражаты мен активтерді жұмсау кезінде қаржылық бұзушылықтар анықталды (отырыс өткізілгенге дейін 145 954,1 мың теңге өтелді), бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау сомасы 217 443,2 мың теңгені, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 464 234,6 мың теңгені, ықтимал экономикалық шығындар сомасы 1 116 441,7 мың теңгені құрады, сондай-ақ 60 рәсімдік бұзушылық және 28 жүйелі проблемалар мен кемшіліктер анықталды.
Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша қаулы қабылданып, аудит нысандарына тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.