2021 жылғы 1 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Тексеру комиссиясының отырысында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты аппаратының қызметін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды.
Тұтастай алғанда, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты аппаратының қызметі депутаттардың қызметін ұйымдастыру, реформаларды жүзеге асыру, халықтың азаматтық белсенділігін білдіруге жәрдемдесу сияқты маңызды бағыттарды жан-жақты және толық іске асыруға байланысты.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының регламентінде және жұмыс жоспарында айқындалған міндеттер мен өкілеттіктерге сәйкес жұмыс істейді.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын, Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының табысты өсу қарқынын бақылауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген мүмкіндіктерді неғұрлым тиімді пайдалану бойынша, өз қызметінің нысандары мен әдістерін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды.
Мемлекеттік аудит Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты аппаратының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі қызмет нәтижелеріне қол жеткізілгенін көрсетті.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты елордалық мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге, депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсетуге жұмсалған бюджет қаражатын нысаналы мақсаты бойынша пайдаланды.
Осы мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 518 129,0 мың теңге бюджет қаражатының көлемі қамтылды.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша тексеру комиссиясы бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар берді.