Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Астана қаласында «100 мектеп 100 аурухана құрылысы» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы сәйкестігіне бақылаудың қорытындысы шығарылды

Отырыс барысында  «100 мектеп 100 аурухана құрылысы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобалардың іске асырылуы, құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын сақтамау, құрылыстың нормативті мерзімдерін бұзу, жоба құнының қымбаттауына және бюджет қаражатының игерілмеуіне алып келетін құрылыс объектілерін уақтылы енгізбеу мәселелері қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.