Ағымдағы жылдың 14 ақпанында қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі және құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының қатысуымен бірлескен отырысы болып өтті

Отырыс барысында Тексеру комиссиясының 2012 жылға бақылау шараларының қорытындылары туралы мәселелер және де Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Құрылыс басқармаларында бақылау қорытындылары бойынша ұсыныстары қаралды.

 Қалалық мәслихат депутаттарының алдында Тексеру комиссиясының 2012 жылға бақылау қызметінің негізгі қорытындылары туралы қысқаша ақпаратпен Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ.Ө. Молдаш, Құрылыс басқармасында анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Ш.Ө. Жанбосынов, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бақылау қорытындыларымен Тексеру комиссиясының мүшесі Ғ.П. Құрман сөз сөйледі.

Төраға Ғ.Ө. Молдаштың баяндамасының толық мәтінін мына жерден көруге болады.