Ағымдағы жылдың 19 наурызында Тексеру комиссиясының кезекті отырысы болып өтті

Отырыс барысында балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға және қаладағы балалар мен жасөспірімдердің қылмыстылығын алдын алуға бағытталған жергілікті бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануын бақылаудың қорытындылары шығарылды.

Отырыс барысында Тексеру комиссиясының мүшесі Г. Н. Сотниковамен қосымша білім беру мекемелерін қаржыландырудың жеткіліксіз көлемі, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар Жоспарында қарастырылған шаралардың өткізілмеуіне әкелетінін атап өтті.

Осыған байланысты қосымша білім беру мекемелерінің саны соңғы бес жыл ішінде арттырылмады, жаңа Жастар сарайын есептемегенде, бос уақытта қосымша біліммен қала мектептеріндегі барлық оқушылардың басым бөлігі қамтылмайды.

Қосымша білім беру мекемелерінің басым бөлігі «ескі" қаланың орталық бөлігінде орналасқан.

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы уақыттағы бос уақытын ұйымдастыру бойынша жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілмейді. Жазғы уақытта балалар мен жасөспірімдермен Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерімен клубтарында дәрістер жүргізілмейді.

Қалада демалыс кезінде оқушылардың жыл бойына созылған оқуларымен белсенді демалыстарын қамтитын спортты-сауықтыру лагерьлері жоқ.

2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыс санының өсуі 36,2%, нарколог-дәрігердің бақылауындағылардың саны 12%-ға артқаны байқалады.

Отырыстың қорытындысы бойынша өкілетті органдарға сәйкес тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Тексеру комиссиясымен сәйкес қаулы қабылданды.