Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті

Отырыс барысында Астана қаласында 2012 жылы ақпараттық-имидждік іс-шараларды өткізуге бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуын сәйкестікке бақылаудың қорытындысы шығарылды.

Отырыс барысында Тексеру комиссиясының мүшесі М.У. Спановпен 2012 жылы мәдени-имидждік іс-шараларды өткізуге жұмсалған шығындардың негізгі бөлігін мемлекеттік және ұлттық мерекелерді тойлауға – 63,9%, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты өткізу қызметтеріне - 11,1%, әр түрлі халықаралық іс-шараларды өткізуге - 7,6% және басқа да іс-шаралар - 17,4% құрағаны атап өтілді.

2012 жылдың ішінде қаланың жекелеген басқармаларымен ақпараттық-имидждік іс-шаралар Астана қаласының бюджетін жұмсаусыз өткізілген.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.