Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті

Отырыс барысында Астана қаласында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген іс-шаралардың іске асырылу тиімділігін бақылау, сондай-ақ олардың елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуіне кешенді талдаудың қорытындысы шығарылды.

Отырыс барысында Тексеру комиссиясының мүшесі Ғ.П. Құрманмен Бағдарламаны іске асырудың оңды, сонымен бірге келеңсіз жақтары атап өтілді: бағдарламалық құжаттар арасында өзара байланыстың жоқтығынан, сондай-ақ оларды іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың бірлесіп әрекет етпеу салдарынан болып отыр.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер