Ағымдағы жылдың 21-27 мамыр аралығында Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының отырыстарында өзiнiң мазмұны бойынша елорда әкімдігінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын 2012 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының есебі қаралды

Өткізілген тұрақты комиссиялар отырыстарының қорытындысы бойынша Есепті ағымдағы жылдың 30 мамырында өткізілетін Астана қаласы мәслихатының сессиясында қарауға және бекітуге жіберу туралы шешім қабылданды.