Ағымдағы жылдың 30 мамырында Астана қаласы мәслихатының сессиясы өтті, онда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының өзінің мазмұны бойынша елорда әкімдігінің 2012 жылғы сәйкес есебіне қорытынды болып табылатын Астана қаласы бюджетінің орындалуы туралы есебі қарастырылып бекітілді
Тексеру комиссиясының Төрағасы Ғ. Молдаш 2012 жылғы жергілікті бюджеттің орындалуының негізгі қорытындыларын ұсынып 2012 жылдың есебінде қарастырылған тақырыптарды жариалады, мұнда негізгі бағдарламалық құжаттардың-ол қала дамыту, үдемелі индустриялды-инновациялық дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру іс-шараларына басты назар аударылды.
Барлық бағдарламалар жалпы алғанда алдарына қойылған мақсаттарына жетті немесе жету барысында, оның дәлелі елорданың макроэкономикалық көрсеткіштерінің жақсаруы болып табылады. Аталғанда, елордада жалпы өңірлік өнімнің деңгейі 2,7 трлн.теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2011 жылғы деңгейден 12,8% жоғары болып, Атырау облысы мен Алматы қаласынан кейінгі 3 орынды иеленді.
Елорда тұрғындарының ақшалай кірісінің өсімі 8% құрады, инфляция деңгейі жоспарланған дәліз шегінде қалып 6,2% құрады.
Елорданың жалпы өңірлік өнімнің айтарлықтай өсімі өндірістік емес сектордың артуы есебінен байқалады,ол бірінші кезекте қызмет көрсету саласы есебінен 2012 жылы 86% құраған.
2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы жалпы өңірлік өнімнің жалпы үлесінде құрылыс саласы көрсеткіштері 1,9%-ға және өндіріс 0,4%-ға төмендеуі байқалады.
Сонымен қатар, көлемді жобалардың жүзеге асырылуы, қойылған мақсаттардан кейбір ауытқулармен, Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамалар бұзушылықтарымен қоса жүруде.
Бизнес жол картасы бағдарламасының жүзеге асырылуы кәсіпкерлерді субсидиялаумен қамту және негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу жағынан, шағын және орта жеке кәсіпкерлер субъектілерімен жаңа кәсіпорындарды құру және жаңа жұмыс орындарын ұлғайту бөлігінде субсидиялау көрсеткіштері өте төмендігімен сипатталады.
Қала бюджетінің орындалу бөлігінде де оң тенденциялар байқалады.
Жергілікті бюджет кірісі алғашқы мақұлданған көлемінен 61,3 млрд. теңгеге немесе 24,1%-ға артығымен қалыптасты, ал шығындар 89,3 млрд. теңгеге немесе 41,3% өсті.
Дебиторлық қарыздың көлемі 2012 жылы 75,3 млрд.теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 11,4 млрд.теңгеге немесе 17,8% өсті.
Жалпы бюджеттік бағдарламалар әкімшілердің ағымдағы қарызы 34,8 млрд. теңгеге жіберілген.
Өткен жылдардағы дебиторлық қарызды азайту іс-шаралары жеткілікті деңгейде өткізілмеуде.
Кредиторлық қарызды өтеу көрсеткіштері анағұрлым жақсарып, 2013 жылғы 1 қаңтарға 1,9 млрд. теңгені құрады.
Сонымен қатар, 2012 жылғы ағымдағы кредиторлық қарыз көрсеткіші 2011 жылғы ағымдағы кредиторлық қарыз көрсеткішінен 91,9 млн.теңгеге немесе в 1,3 есеге артық.Өткен жылдардың қарызы бойынша 77% төмендеу байқалады.
Қорытындылар бойынша, мәслихат депутаттарымен Астана қаласы әкімдігіне стратегиялық жоспарлардың орындалмағаны үшін бюджет бағдарламалары әкімгерлерінің басшыларына жауапкершілікті арттыру бойынша ұсыныстар берілді.