Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Астана қаласы мәслихатының жиырма үшінші кезекті сессиясы болып өтті

Сессия барысында, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 25-2 бабының 1-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына «А» корпусының кадр резервінен, Әсел Серікқызы Байдәулетова тағайындалды.