Ағымдағы жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Отырыс барысында «Астана-Энергия» АҚ-да жүргізілген мемлекет активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың қорытындысы шығарылды.
Бақылау қорытындылары Қоғам қызметінің Астана қаласының тұрғындарын, кәсіпорындары мен ұйымдарын жылу және электр қуатымен сенімді және үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталғанын көрсетті.
Сонымен бірге, Тексеру комиссиясы Қоғамның жекелеген бағыттар бойынша жеткіліксіз жұмысын атап көрсетеді, бұл Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамаларын қалпына келтіруге жататын жалпы 55 607,8 мың теңге сомадағы бұзушылықтарға алып келді.
Қоғамда реттеу қызметтерінің негізгі түрлері бойынша Қоғамның жеке-жеке бухгалтерлік есепті жүргізудің автоматтандырылған жүйесі жоқ, бұл реттелетін қызмет түрлері бойынша кірістер мен шығындарды бөлу үшін жеткілікті айқындылықты және нақты қажетті деңгейді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Сондай-ақ, Қоғамның шығындарын талдау кезінде «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі № 272-I Заңының нормаларын бұза отырып, Қоғаммен жылу энергиясын өндіру бойынша реттелетін қызметке тарифтік сметаның шығын баптарымен көзделген 5%-дан артық шығындардың жоғарлауына жол жіберілгені анықталды.
Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру ережесінің нормаларын бұза отырып, жанармайды жеткізуші жабдықтаушылармен төлемге жалпы сомасы 11 844,0 мың теңгеге есепшот-фактуралары бойынша экспедиторлық қызметтер негізсіз ұсынылған.
Қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, бақылаумен қарап шығу барысында Қоғаммен жалпы сомасы 39 606,0 мың теңгеге сапасыз орындалған мердігерлік жұмыстардың қабылдау фактілері анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.