Ағымдағы жылғы 21 қаңтарда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Отырыс барысында «Астана қаласы әкімдігінің психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ және «Астана қаласы әкімдігінің балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ жүргізілген психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектерді әлеуметтік қолдауды ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалаудың қорытындысы шығарылды.
Бақылау қорытындысы мекемелердің қызметі жас мөлшеріне және денсаулық жағдайына неғұрлым адекватты қамқорлықтағыларға үй жағдайына жақын өмір салтын жасауға; стационар және жартылай стационар жағдайында әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес арнайы әлеуметтік жағдай жасауға бағытталғанын көрсетті.
Бұдан басқа, Тексеру комиссиясы мемлекет активтерін тиімді пайдалану, үнемді және нәтижелі пайдалану принциптерін сақтау бойынша жұмыстардың жеткіліксіздігінен, Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамасын жалпы сомасы 6 732,9 мың теңге бұзушылықтарға алып келгенін, оның ішінде бюджетке өтеуге 257,4 мың теңге және қалпына келтіруге 961,8 мың теңге құрағанын атап өтеді.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.