Ағымдағы жылғы 14 қаңтарда USAID макроэкономикалық жобасының өкілдерімен жүргізілген Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының қызметін тәуелсіз бағалаудың негізгі қорытындыларының презентациясы өтті
Бұрын жоспарланған іс-шараларға сәйкес, 2013 жылдың қазанында «Deloitte» халықаралық консалтингтік компаниясының USAID аясында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының қызметіне тиімділік аудиті, сондай-ақ оның қызметінің ISSAI халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне бақылау жүргізілді.
Бағалаудың мақсаты, бақылау іс-шараларының халықаралық стандарттардың (ISSAI) қолайлы талаптарына және ең жақсы әлемдік тәжірибеге сәйкестігін қамтамасыз ету арқылы Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы қызметінің тиімділігін жоғарлатуға жәрдем көрсету болып табылады.
Жүргізілген бағалаудың нәтижесі бойынша USAID макроэкономикалық жобасының өкілімен сәйкестікке бақылау жасаудың және бақылауды жүргізудің тиімділігі, сапаны бақылау жүйелері, Астана қаласының мәслихатымен өзара әрекеттесу, аудиторлық құжаттама, біліктілікті жоғарлату және БАҚ және қоғаммен қарым-қатынасы мәселелерін қарау қорытындысының есебі таныстырылды.
Презентацияға Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстары бойынша Тексеру комиссияларының өкілдері шақырылды.
Презентация қорытындысы бойынша жалпы қорытынды, оның ішінде тәуелсіз бағалаудың нәтижесі бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар шығарылды.