Ағымдағы жылғы 21 мамырда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Отырыс барысында Астана қаласының Ішкі істер департаментінде жүргізілген жергілікті бюджетке түсетін әкімшілік айыппұлдар түсімдерінің толықтығы мен уақтылығының қамтамасыз етілуін бақылаудың қорытындысы шығарылды.
Тексеру комиссиясымен бақылау объектісінің жергілікті бюджетке түсетін әкімшілік айыппұлдар түсімдерінің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстың жүргізіліп жатқаны анықталды.
Нәтижесінде, 2013 жылы өткен жылмен салыстырғанда анықталған бұзушылықтардың саны 37 539 жағдайға немесе 14,6%-ға, шығарылған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 20,2%-ға, жергілікті бюджетке нақты түсімдер 65,1%-ға немесе 543 900 мың теңгеге артуы байқалды.
Сонымен бірге, салынған әкімшілік жазалардың орындалуы 2012 жылы 23,8% немесе 371 257,8 мың теңгені, 2013 жылы - 28,8% немесе 539 907,0 мың теңгені құрап, төмен деңгейде қалып отыр.
Бұдан басқа, жүргізілген бақылау Департамент қызметінде әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша тиісті уақытта шаралар қолдану бөлігінде, құқық бұзушыны арнайы бақылау-өлшегіш техникалық құрал-жабдықтармен және құралдармен анықталған бұзушылықтары бойынша айыппұлы туралы тиісті түрде хабарландырмау, жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын анықтауда қолданыстағы жылдамдық өлшегіштерді толық пайдалану бөлігінде кейбір кемшіліктерді көрсетті.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.