Ағымдағы жылдың 28 мамырында Астана қаласы мәслихатының отыз төртінші кезектен тыс сессиясы өтті, онда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының өзінің мазмұны бойынша елорда әкімдігінің 2013 жылғы тиісті есебіне қорытынды болып табылатын Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есебі қарастырылып бекітілді
Тексеру комиссиясының Төрағасы Ғ. Молдаш 2013 жылғы жергілікті бюджеттің атқарылуының негізгі қорытындыларын ұсынып, 2013 жылдың есебінде қарастырылған тақырыптарды жариялады, мұнда әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан іс-шараларды талдауға, инвестициялық жобалардың іске асырылуына айрықша назар аударылды, сондай-ақ елордада іске асырылатын жекелеген бағдарламалық құжаттардың орындалуына тиімді баға берілді.
Қорытынды бойынша, мәслихат депутаттарымен Астана қаласы әкімдігіне бюджет заңнамасының және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ете отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізумен бюджеттік бағдарламалардың сапалы және тиімді орындалуы бойынша қажетті шараларды қабылдау бойынша ұсынымдар берілді.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының баяндамасына сілтеме